Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МЕРЕКЕСІ

Аудандық Мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған “Мәдениет – мәңгілік қазына, өнер – өшпес мұра” атты салтанатты шара өтті.
Ізгі шараның басталуында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сахнада қарбаласқа толы жұмыстарының бір сәтінен көрініс қойды.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Д.С.Байдушев құттықтау сөзбен ашты.
– Ұлы дария атымен аталатын аудан мәдениет пен өнердің бесігі саналады. Осынау киелі өңірде талай таланттар дүниеге келді. Сіздер сол мәдениет пен өнер көшін сәтті жалғастырып жатырсыздар, – деген игі тілегін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев бір топ озат мәдениет қызметкерлеріне облыс, аудан әкімдерінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хатын табыс етті. Мерекелік салтанат аудан көркемөнерпаздарының тамаша концерттік бағдарламасына ұласты.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ


25 мамыр 2019 ж. 1 500 0