Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ұлттық медиа – халықтың үні

Ұлттық медиа – халықтың үні

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аясында отандық БАҚ саласы қызметкерлерімен кездесті. Ел Президенті журналистер қауымын алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұлттық медиа сала­сының маңыздылығына кеңінен тоқталды.

– Сіздер мемлекет саясатын елге түсіндіріп, қоғам мен биліктің арасында көпір болып келесіздер. Елімізде жасалып жатқан реформалардың мән-мағынасын жұртшылыққа жеткізіп жүрсіздер. Көптеген сарапшылар келешекте адам еңбегін алгоритмдер алмастыратынын айтып жүр. Алайда бұл өзгерістер журналистиканың жаңа мүмкіндіктерін, шын мәнінде екінші тынысын ашуы әбден мүмкін. Отандық журналистер әрдайым шығар­­машыл, жаңашыл әрі дамуға құштар. Сіздердің жаңа технология мүм­кіндіктерін толығымен пайда­лана­тындарыңызға сенімдімін. Бүгінде елімізде медиасаланың, соның ішінде блогосфераның қанат жаюына барлық жағдай жасалған. Оқиға ортасынан шынайы ақпарат таратуда өздеріңізге мол жауапкершілік жүктелген. Мұ­ны сезіне білу өте маңызды. Мен жур­налистеріміздің әр мәліметті ұлт мүддесі тұрғысынан саралай аларына сенемін. Өйткені өзім көп оқимын, сіздер жазған мақалалармен, ой-пікірлермен таныспын. Сауық Жақанова, Жарылқап Бейсенбайұлы, Шархан Қазығұл сияқты журналис­тика майталмандары ортамызда отыр. Сіздер ұлттық ақпарат саласын дамытуға зор үлес қостыңыздар. Тіл­шілердің тұтас буыны өздеріңізге қарап өсті, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Мемлекет басшысының арнайы өкімі негізінде бірқатар БАҚ саласының өкілдері мемлекеттік наг­радаға ие болды. Оның ішінде,
Сыр өңірінің мақтаныштары жерлесіміз, «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков «Құрмет» орденімен, «QYZYLORDA» телеарнасының дирек­торы Нұрбек Әмиша мен «Астана» телеарнасының шеф-редакторы Акерке Биятова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

«Тт» ақпарат

28 маусым 2025 ж. 358 0