Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ерлік – ешқашан ұмытылмайды

Ерлік – ешқашан ұмытылмайды

1939 жылы әскерге алынған жас жауынгер Қожанбай Бекжанұлы қырғын соғысқа тап болады. Бар болғаны 2 ай ғана дайындап, Қожанбай Бекжанұлы қызмет ететін бөлім Фин соғысына аттанады. Бөлім сол кезде Мурманскінің Кандагарск қаласында тұрған. Дегенмен, Фин соғысы Кеңес әскерлерінің жеңісімен аяқталады. Сол соғыста көзге түскен Қожанбай Бекжанұлы полк мектебіне 6 айға оқуға жіберіледі.

Әскери мектепті тәмамдаған соң взвод командирінің орынбасары қызметін адал атқарып, «күзде елге ораламын» деп жүрген жылдың жазында сұрапыл соғыс басталады. Қан майданның алғашқы күнінен сапқа тұрған взвод соғыс ахуалына байланысты шегіне отырып, стратегиялық маңызды нысандардан неміс әскерінің өтіп кетпеуін бақылауларына алған.

Жоғары басшылық тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындаған Қожанбай Бекжанұлын соғыстың алғашқы жылы-ақ «За Отвагу» медаліне ұсынылған. Майдан алаңында аяғы мен қолынан жарақат алған Қожанбай Бекжанұлы әскери госпитальға түскенінде ауылға жетіп, 6 күн өмір сүрсем деп армандаған екен. Дәм тұзы таусылмаған жауынгер алты ай, алты жыл, сонан соң алпыс жыл ғұмыр кешеді.

Қожанбай Бекжанұлы елге оралғаннан кейін де бейбіт өмірде әртүрлі қызметтер атқарған.
09 мамыр 2020 ж. 1 034 0