Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашаққа хат: мендегі мақсат – саналы азамат болу

Болашаққа хат: мендегі мақсат – саналы азамат болу

Бұл хатты саған бала жүрегімнің таза арманы мен шынайы тілегі арқылы жазып отырмын. Қазір мен кішкентай болғаныммен, болашақ туралы көп ойланамын. Әр адам өз өмірінде бақытты болып, арманына жетуді қалайды. Мен де сондай үмітпен өсіп келемін. Болашақтағы менің қандай адам болғанымды елестетсем, жүрегімде үлкен сенім мен қуаныш пайда болады.

Ең алдымен, сенің жақсы адам бол­ғаныңды қалаймын. Адам өміріндегі ең басты байлық – адамгершілік пен мейі­рімділік деп ойлаймын. Сондықтан сен ешқашан айналаңдағы адамдарға жамандық жасама. Әрқашан кішіпейіл, қамқор, сабырлы бол. Ата-анаңа құр­мет көрсетіп, ардақтыларымның ақ сүтін ақтауға тырыс. Себебі олар біз үшін көп еңбек етеді. Мен болашақта ата-анамның мақтанышы болғым келе­ді.

Қазір мен 6-сыныпты бітіріп, 7-ге өттім. Сабақ оқып, ұстаздарымнан са­палы білім алуға тырысамын. Кейде қиын пәндер кездессе де, мойымай еңбектену керек екенін түсінемін. Бола­шақтағы мен, сен осы еңбектің жемісін көріп жүрген шығарсың деп сенемін. Мүмкін сен өзім армандаған мұғалім немесе елге қызмет ететін бас­қа мамандық иесі болған шығарсың. Қандай мамандық таңдасаң да, өз ісің­ді жақсы көріп, адал еңбек ет. Өзім дәл қазіргі уақытта математика пәнінің мұғалімі болғым келеді. Болашақта сол арманға жету жолында алғыр оқушы болуға ұмтылып келемін.

Менің тағы бір арманым – туған елімнің дамуына үлес қосу. Қазақстанның болашағы білімді жас­тардың қолында деп жиі айтады. Сондықтан сен өз еліңді сүйетін, хал­қыңа пайдаңды тигізетін азамат бол. Әрине, ұстаз болу – елмен етене араласатын үлкен азаматтарды тәрбиелей­тін мәртебелі мамандық. Елдің дамуы­на үлес қосып, адамдарға көмектес. Өз тіліңді, дәстүріңді, мәдениетіңді ұмытпа. Қазақ елі әрқашан мықты, бір­лігі жарасқан мемлекет болсын деп тілеймін.

Болашақтағы мен, сен өмірде түрлі қиындықтарға кездескен шығарсың. Бірақ қандай жағдай болса да, үмітің­ді жоғалтпа. Әр қиындық адамды шыңдайды. Егер бір нәрсе орындалмай жатса, қайтадан талпынып көр. Арманыңнан ешқашан бас тартпа. Табандылық пен еңбек адамның мақ­сатына жетуіне көмектеседі.

Әрқашан денсаулығыңа көңіл бөл. Денсаулық – ең үлкен байлық. Дұрыс тамақтанып, спортпен айна­лыс. Жақсы адамдармен аралас. Уақы­тыңды босқа өткізбей, әр күніңді пайдалы іске жұмса. Болашақта өз отбасың болып жатса, оларға қамқор бол. Балаларыңа жақсы тәрбие беріп, бақытты өмір сыйла. Ой, өзім әлі оқушы бола тұра, отбасы туралы ойлағаным қате ме?! Жо-жоқ, Қазақта «Он үште отау иесі» деген сөз бар. Әкем мен анамның ізінен ерген саналы азаматқа айналып, отбасы тірегіне айналамын.

Кейде мен болашақ туралы армандап отырып, өзімді үлкен жетістіктерге жеткен адам ретінде елестетемін. Бірақ қандай биікке шықсаң да, қарапайым болуды ұмытпа. Адамды адам ететін – оның жүрегі мен тәрбиесі. Сондықтан әрдайым шындықты айтып, әділ бол.

Мен сенің бақытты болғаныңды қалай­мын. Армандарың орындалып, мақ­сатыңа жеткеніңді көргім келеді. Осы хатты оқып отырып, балалық шағыңды еске аларсың. Мүмкін дәл қазір сен мен армандаған өмірде өмір сүріп жүрген боларсың.

Егер сен осы хатты оқып отырсаң, демек уақыт өте шыққан. Бірақ бала кезіңдегі армандар мен үміттерді ешқа­шан ұмытпа. Сол армандар саған күш береді. Мен саған сенемін!

Асылжан АМАНҚОС,
оқушы
30 мамыр 2026 ж. 212 0