ТАРИХ БЕТІНДЕ ҚАЛҒАН ІЗ
Айдарлы ауылындағы №139 орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А.Биғазыұлының ұйымдастыруымен Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» атты интернационалист жауынгермен кездесу кеші өткізілді. Бұл шараның ба- сты қонағы ауылымыздың тумасы, мектебіміздің түлегі, қазіргі таңдағы запастағы капитан Қалжанов Нұрлан Қаршығаұлы. Ол Айдарлы ауылында туып өсіп, №139 орта мектебінде білім алып, 1985 жылы бітіріп шыққан. 1986 жылы әскери борышын өтеуге аттанып,Ауған соғысына қатысты. Әскери боры- шын 1988 жылдың күзінде аяқтағанымен, сол кездегі басшылықтың шешімі бойынша тағы да бір жылға қалдырылған. Қаншама қатерлі күндерді ба- стан өткеріп, әскери борышын абыроймен атқарып, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығуына атсалысқан ағамыз елге аман-есен оралды. Қазіргі таңда Нұрлан Қаршығаұлы Қызылорда қаласында жемісті еңбек етуде.
Кездесуге мектептің жоғарғы сынып оқушылары, ұстаздар, ауылдық округ әкімі Ғани Дүйсебеков, аудандық мәслихат депутаты Жанат Нәлібаева қатысып, Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу мақсатында келелі сыр-сұхбат өрбітті. Оқушылар да өз кезегінде жерлесімізге сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Тарих беттерінде өзіндік із қалдырған осы соғыс жайында мәлімет беру мақсатында «Ауған ақиқаты» тақырыбында қысқаша видеоролик көрсетілді. Сонау өрімдей жас шағында осы соғыстың куәсі болған Нұрлан Қаршығаұлы кешке қатысушыларға осы соғыс жайлы баяндай келе, жастарға өз ақыл- кеңесін, тілегін айтуды да ұмытқан жоқ.
Осы шарада сөз алған ауыл әкімі Ғани Дүйсебеков те оқушыларға өз лебізін білдірді. Елбасының жастарға арналған Жолдауын тілге тиек етіп, шын мәнінде бүгінгі тәуелсіздіктің төл перзенттері ойы озық,білімі асқақ болу керектігін айтып өтті.
Кездесу кешінің қорытынды сөзін айта келе мектеп директоры Гүлбану Смайлова Нұрлан Қаршығаұлына осы кешке қатысып,мағыналы ой- пікірлерімен бөліскеніне өз ризашылығын білдіріп, ұжым атынан «Алғыс хат» пен сыйлық ұсынды.
Шара барысында оқушылар қонағымызға арнап өлең жолдарын, патриоттық әндер мен билерін тарту етті.
Әсерлі ұйымдастырылған осы іс-шара оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, мағыналы ой түюіне ықпал етті.
А. БАЗАРОВ,
Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы
Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы
Пікір 2