Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шамшырақ жаққан өнерлі ұжым

Шамшырақ жаққан өнерлі ұжым

Бүгінде аудандық өнер мектебінен қанат қаққан қаншама шәкірт еліміздің түкпір-түкпірінде ел игілігі жолында қызмет етуде. Кәсіби және бағдарлы білімді берумен айналысатын ұжымның кез келген шәкірті аудан мерейін тасытуда. Жыл сайын аудандық өнер мектебінің өнерпаздары оқу жылы аяқталар тұста есеп беру концертін ұйымдастырады. Биыл Марат Сәдуақас жетекшілік ететін мектеп оқушыларының кеші апта ағымында аудандық мәдениет үйінде жүзеге асты. Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық концертке аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудан ардагерлері, мамандары мен ата-аналар көрермен болды.

«Ұлы Жеңістің ұрпақтары» тақырыбындағы кеште барлық жанр бойынша өнерпаздар өнер көрсетті. Әрине, еліміз көпұлтты мемлекет. Бұл ретте өнер мектебінің бишілері қазақ биімен қатар, бірнеше ұлт өкілінің халықтық шығармасын орындады. Кәсіби деңгейде вокал сыныбында дәріс алатын әншілер әуелете ән шырқады. Күмбірлеген күйдің құдіреті көпшіліктің делебесін қоздырды. Қобыз бен скрипка, сырнай мен пианино аспабының шеберлері шоқтығы биік өнердің мәртебесін арттырды.

– Аудандық өнер мектебі 1972 жылы ашылып, осы уақытқа дейін білім ошағын 700-ден аса түлек бітіріп шықты. Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы, Сыр елінің бас қаласы Қызылорда қаласының еліміздің астанасы болғанына 100 жыл және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Айтулы жыл аясында аудан өнерпаздары орасан зор жетістікке қол жеткізуде. Осы оқу жылында өнер мектебі мен 4 филиалда 356 бала білім алуда. Оның ішінде, биыл 38 бала бітіруші түлек атанып отыр. Кәсіби біліктілігі жоғары 31 ұстаздың тәлімін алған шәкірттеріміз үкілеген үмітіміз саналады, – деді аудандық өнер мектебінің директоры Марат Сәдуақас.

Облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі әрбір өнерпаздың қашанда болашағы жарқын. Жас ақын Нұрмұхаммед Мансұров көпшілікке арнау өлең жолдады. Оркестр ұжымы соғыс жылдарында жарыққа шыққан «Катюша» шығармасын орындап, кешті қорытындылады.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 сәуір 2025 ж. 181 0