Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Өнерсүйер қауымға тереңөзектік Тимур Андижановтың есімі жақсы таныс. Мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ облыстық, республикалық байқауларда топ жарған өнерлі жас бүгінде халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. «Жігітке жеті өнер де аз» деген тәмсілді ұстанған жалынды жас ән де айтады және би де билейді.
Жақында Тимур Алдамжарұлы «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық кеші өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараға көрермен қауым көп жиналды. Төл перзентінің талантына бас иген тереңөзектіктер «Reverans-show» би тобының тамаша концертіне куә болды.
Концерт лэд-экраннан арнайы дайындалған бейнебаянның көрсетілуімен басталды. Мұнан кейін кеш жүргізушілері негізін Тимур Андижанов қалаған «Reverans-show» би тобының жетістіктерін көрерменге паш етті. Шығармашылық кеште бишілер қиын әрі күрделі билерді билеп, көрермен қошеметіне бөленді. Сондай-ақ облыстық филормонияның әншілері жанды дауыста әуелете ән шырқады.

«Мен өнер атты ұлы сапарға Тереңөзектен аттандым. Сондықтан әр жетістігімде осы қасиетті өлкенің ерекше орны мен әсері бар. Қай талапта, қай тарапта жүрсем де жерлестерімді ұмытпаймын. Ең алғаш №35 И.Тоқтыбаев атындағы орта мектебінің сахнасында ән айтқаным, аудандық мәдениет үйінде өнер көрсеткенім көз алдымда сақтаулы» дейді Тимур Андижанов бізбен әңгімесінде.
Атап өту керек, «Туған жерге тағзым» атты концерт бір сағаттан аса уақытқа созылды. Әншілер мен бишілердің өнеріне риза болған көпшілік концерт соңында ерекше ілтипатпен қол соқты. Бұл тереңөзектіктердің талантты төл перзентіне құрметі екені анық.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 
02 сәуір 2020 ж. 926 0