Аудан тұрғындарымен кездесті

Кездесу барысында Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген 40 іргелі құқықтары, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері туралы, сондай-ақ ҚР Конституциясының кепілдігі мен маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, өкіл әр адамның қандай құқықтары бар екенін және оларды білу мен құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, азаматтардың негізгі құқықтары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ҚР Конституциясының әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі кепілі болып табылатынын ерекше атап өтіп, Конституция нормаларының қоғамдағы тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді.
Кездесу соңында Омбудсмен
өкілі Б.Байхожаев тұрғындарды
жеке қабылдады.
«Тт» ақпарат