Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ақ ұлпа жерге қонып ақ қанатты

Ақ ұлпа жерге қонып ақ қанатты

Ақ ұлпа жерге қонып ақ қанатты,
Əз əлем күтіп алды пəк қонақты.

Пəк қонақ үш ай үкім есептемек,
Сезді де жөнелді тез Күз өкпелеп.

Күзгі бақ сəні елге кеш еленді,
Аралап кетті аяз жел көшелерді.

Теректер тұрған үнсіз жаурап қалды,
Пəк қонақ бақты бірден баурап та алды.

Кəрі қыс қашан шырай қалдырып ед(і),
Көп өтпей терезеге салды сурет.

Қызарып алма беті боран өпкен,
Аққала жасады көп бала біткен.

Елемес дүлей желді ауырсынып,
Пəк қонақ үш балалы жаны суық.

Осы ма керемет шақ ел тосқан көп,
Тұңғышын қойған неге Желтоқсан деп?

Үнсіз-ақ түсінетін жан бар ма екен,
Екінші баласы бар Қаңтар деген.

Ақ ұлпа төгетұғын ақ қанатты,
Керемет кенжесі бар Ақпан атты.

Үшеуі біріксе де өктем болып,
Жеңеді жылда үшеуін көктем келіп.


А.ИБРАГИМҰЛЫ 
03 ақпан 2024 ж. 299 0