Әлеуеті артқан мекен
Ауданнан шалғайда жатқан Айдарлы ауылы – Сырдария өзенінің ескі арналарының бірінің жағалауына орналасқан Асанас, Қожжан Қожа, Құлбай, Қошқар, Қотыр, Айдарлы, Рәмәтіллә әулиелер қоршап тұрған қасиетті елді мекен. 1974 жылы «Айдарлы» совхозы болып құрылған ауылда бүгінде 1800-ге жуық тұрғын бар. Қазіргі таңда елді мекеннің өсіп-өркендеуі қарқын алуда. Мұнда жыл өткен сайын әлеуметтік нысандар жаңарып, ауылдың әлеуеті артуда.
Елді мекеннің гүлденуіне айдарлылықтардың үлкен-кішісі бірдей атсалысып, ауызбіршілік танытып, ел берекесін келтіруге ынта-ықыласын аямауда. Нәтижесінде, Айдарлы ауылының экономикасын көтеру, азаматтарды еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға жәрдем ету, ауылды абаттандыру ісінде ілгерілеушілік басым. Мәселен, биылғы жылдың өзінде елді мекенде айтулы жұмыстар атқарылуда. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтам» каналының сағасынан 4,3 шақырым және «Ботабай» каналының 6,3 шақырымын қазу жұмыстары жүргізілген. Ауылішілік арықтардың 1,7 шақырымы қазылып, тазартылған. Сонымен бірге ескі емхананы жаңғыртып, жаңа 50 орындық балабақшаға лайықтандырылған. Қазіргі уақытта жұмыс толық аяқталып, ішкі жабдықтар орналастырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қ.Еспенбетұлы көшесі орташа жөндеуден өткізілген. Осындай жұмыстар сапалы іске асып, бірқатар мәселе шешімін тапқан.
Елде ахуал күрделене түскенде де айдарлылық азаматтар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білді.
– Жұқпалы індет баршамызға қауіп төндірді. Сол шақта бірлігі мығым ауыл халқы бір-біріне айрықша жанашырлық танытты. Карантин уақытында ауылдағы кәсіпкерлер мен жастар бірігіп, ауылдық амбулаторияны құны 600 000 тг көлемінде қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, «Біз біргеміз» акциясы аясында тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларына 2 млн 890 мың теңге көлемінде азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қайырымдылық жасады. Мұндай қамқорлық ауыл тұрғындарының ынтымағын көрсетті, – дейді ауыл әкімі Айбол Ержанов.
Айдарлы ауылының кәсіпкерлік саласында оң серпіліс бар. Елді мекен бойынша бүгінгі күнге 106 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде 100 кәсіпкерлік субъекті жұмыс істеп тұр. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің тіркелгендерге үлесі 94,3 пайызды құрайды.
Биылғы жылы ауылда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 35 млн теңгенің 4 жобасы несилендірілген. Сонымен қатар, аталған бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап жаңа бизнес идеяларды» іске асыру мақсатында 9 адам 550 мың теңгеден мемлекеттік грантқа ие болған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының субсидиялау тетігі шеңберінде құны 10 млн теңгені құрайтын 1 жоба да қаржыландырылған.
Елді мекенде қаз өсіру кәсібі жүйелі жолға қойылған. Мұны «Жан Арай» ЖШС жүзеге асыруда. Ауылға жақын маңдағы «Сорқұдық» жерінде 1000-ға жуық қаз өсірілуде. Олардың бап-күтімімен 4 адам айналысуда. Бұл іске жауапты Жирен Махсуддин «Линда» тұқымдас қаздың суыққа шыдамды екенін айтады. Олардың бап-күтімі жақсы болса 7-8 келі ет беретінін жеткізді. Биылғы жылы аталған жерге балапан шығаратын аппараттар алынған. Мұнда 500 қаздың жұмыртқасын салатын 4 және 250 жұмыртқа сыйымдылығы бар 2 аппарат бар.
Жалпы ауылдың әлеуеті кәсіпкерліктің дамуына тікелей байланысты. Сондықтан бірлігі бекем елді мекен тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіптерін дөңгелетуде. Соның негізінде Айдарлының ажары айшықталып келеді.

Е.Беркінбаев