Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қарттар – алтын қазына, ардақты аманат

Қарттар – алтын қазына, ардақты аманат

Қазан айының алғашқы күні – қарттарымыздың мерейлі мерекесі. Осыған орай “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалы корпорацияның егде жастағы қызметкерлері мен қызмет алушы ардагерлерді құттықтады.

Филиал директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айгерім Көпжасарова ардагерлерді шын жүректен құттықтап, филиал директоры Аида Ибрагимқызының ізгі тілегін жеткізді.

“Құрметті ардагерлер! Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа өнеге, бай тәжірибелеріңіз – қоғамымыздың баға жетпес қазынасы. Біз де өз тарапымыздан қызметтерді сіздерге барынша қолайлы әрі қолжетімді етуге күш саламыз. Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алу бұрынғыдан жеңілдеді. Сонымен қатар жасы ұлғайған азаматтарымыз үшін ХҚКО қызметін үйге шақырту мүмкіндігі қарастырылған. Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, ұзақ ғұмыр тілейміз! – деді Айгерім Көпжасарова.

Құттықтау барысында ардагерлерге арнайы сый-сияпат табысталып, жылы лебіздер айтылды. Қарттарды қадірлеу – қоғамның ең асыл дәстүрлерінің бірі. Осы күн арқылы біз аға буынның еңбегіне құрмет көрсетіп, кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие береміз.
07 қазан 2025 ж. 76 0