Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жемқорлықтың қоғам үшін салдары орасан

Жемқорлықтың қоғам үшін салдары орасан

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейде өзекті проблема болып отыр. Бұл құбылыс елдің экономикалық дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамның әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау – біздің басты міндетіміз.

Ішкі мемлекеттік аудит депар­таменті өз қызметінде мемлекеттік қар­жының тиімді әрі мақсатты жұм­салуына бақылау жасай отырып, заң бұзушылықтарды анықтап қана қой­май, оларды болдырмаудың жолдарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл ретте ең маңыздысы – алдын алу шараларын күшейту. Біріншіден, мем­лекеттік қызметшілер арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттау, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың басты тетігі. Екіншіден, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, цифрлық жүйелерді енгізу – жемқорлыққа жол бермеудің тиімді құралдарының бірі. Әсіресе, мемлекеттік сатып алулар саласында ашықтықтың толық қамтамасыз етілуі айрықша маңызға ие. Бүгінде сатып алу рәсімдері электронды форматта жүргізіледі, бұл ашық бәсекелестікке жол ашып, адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, әрбір үміткерге тең мүмкіндік беріледі және қоғам тарапынан бақылау жасау тетігі күшейеді. Үшіншіден, қоғам тарапынан бақылауды күшейту аса маңызды. Азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Төртіншіден, жастарға адалдық құндылықтарын сіңіру – болашақ үшін ең маңызды инвес­тиция. Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізілуі тиіс.

Ішкі мемлекеттік аудит депар­таменті әрқашан заңдылықты сақ­тай отырып, қоғам алдындағы жауап­кершілікті сезінеді және сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жоюға бағыт­талған барлық бастамаларды қол­дайды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Әр азамат өз бойында адалдық пен әділет­тілікті сақтағанда ғана еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі.

Ербол КҮЗЕМБАЕВ,
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік
аудит департаментінің басшысы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
07 қазан 2025 ж. 281 0