Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ су мәселесі толық шешімін табады

Аяқ су мәселесі толық шешімін табады

Ауыл тұрмысының жақсарып, ауыл шаруашылығының дамуына аяқ сумен жеткілікті қамтамасыз етудің маңызы зор.
Биыл «Ақтам», «Қызыл Ту» каналдары және «Жетікөл жарма» каналының сағасынан 400 метрге дейін қазу жұмыстары жоспарланған болатын. Бүгінде «Жетікөл жарма» каналының сағасынан қазу жұмыстары аяқталса, Айдарлы ауылындағы «Ақтам» каналының 4,3 шақырымын қазуға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 28,9 млн.теңге бөлініп, «Табиғат» мемлекеттік мекемесі арқылы жұмыстар атқарылуда.
Аманкелді ауылындағы «Қызыл Ту» каналының 4,4 шақырымын қазу жұмыстары мердігер мекеменің жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілетін болады. Осы мақсатқа 8,5 млн.теңге бөлінген.
Сонымен бірге қазіргі таңда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен Іңкәрдария ауылындағы «Ақтам» каналын қазу жұмыстарына 4,2 млн.теңге болатын жоболау-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылып отыр.

"ТТ"-ақпарат 
04 наурыз 2020 ж. 1 040 0