Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ұжымда орны ерекше

Ұжымда орны ерекше

Ауылдық жерде халыққа медициналық көмек көрсетудің алдыңғы шебінде дәрігер мен мейірбике ғана емес, күнделікті табанды еңбек етіп жүрген кіші буын қызметкерлері де бар. Олар көпшіліктің көзіне түсе бермегенімен, елдің амандығы үшін адал қызмет атқарып келеді. Солардың бірі Нағи Ілиясов ауылының амбулаториясында кіші буын қызметін атқаратын – Сәрсенкүл Қарбозова.

1977 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Сәрсенкүл Нартайқызы №253 қазақ орта мектебінде білім алған. 1995 жылы №3 кәсіптік техни­калық училищесіне түсіп, 1997 жылы аспазшы-кондитер мамандығын алып шыққан.


Бітірген мамандығы бойынша нау­байханада аспазшы-кондитер болып қыз­мет атқарған Сәрсенкүл өмірлік жолдасын жолықтырады. Көп ұзамай 2003 жылы арқасүйер азаматы Ғалымжан Құрақбаевқа тұрмысқа шығып, Нағи Ілиясов ауылына келін болып түседі.


– Жолдасым ауыл шаруашылығында механизатор болып қызмет атқарады. Мен үй шаруасымен ата-ененің бабын тауып, келіндік міндетімді атқардым. «Білім алу ешқашан да кеш емес» деп 2009-2012 жылдар аралығы Қызылорда қаласында орналасқан М.Мәметова атын­дағы колледжде «бастауыш пәні­нің мұғалімі» мамандығында оқы­дым. Сөйтіп жүріп өмірге үш ұл, бір қызды алып келдім, – дейді жаны жайсаң жан.

Бала күтімімен, үй шаруасын тыңғы­лықты атқарып жүрген Сәрсенкүл Қарбозова бос отырмай күнделікті нан мен тәтті піспе нанды әзірлеп, дүкен­дерге өткізіп табыс тапқан. Көп ұзамай 2018 жылы ауылдағы амбулаторияға кіші буын қызметкері болып орналасқан.


– Қызметімді ойдағыдай атқарып жүрдім. Кейін әлемде COVID-19 жұқ­палы вирусы таралып, бізге де жетті. Науқастар әртүрлі жағдайда түсе бас­тады. Бұндай ауыр кезеңді өз көзіңмен көру қорқыныш сезімін тудырары анық. Бірақ басты міндетіміз ауру жұқтырмай, санитарлық талапты сақтап, күнделікті науқастардың жаға­дайын жасау болатын. Бет­пер­дені міндетті түрде киіп, 2 метр арақа­шықтық сақтайтынбыз. Біз­дің мін­детіміз дәрігерлер келмей тұрып, мекемені залалсыздандырып, кварц шамын қосып, тазалықты қадағалау, – дейді Сәрсенкүл Қарбозова.

Қызметіне адал, еңбекқор жан бүгінде қолы қалт етсе тәтті нан пісіріп, қосымша табыс тауып жүр екен. Ұлдарының үлкені жоғары оқу орнының 4-курс студенті, ал екінші ұлы Отан алдындағы борышын өтеп, биыл әскерден оралған. Үшінші ұлы мен кіші қызы – мектеп оқушылары.


Қолынан бал тамған азпазшы әрі жұмысында абыройлы қызметкер бола білген Сәрсенкүл Қарбозова аудан, ауыл әкімінің алғыс хатын иеленген. Қарапайым отбасын мейірімімен жайқалтып отырған Сәрсенкүл – үлгілі ана.

Г.ТАБЫНБАЙ

07 қазан 2025 ж. 49 0