Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Кітап – AMANAT» бұрышы ашылды

«Кітап – AMANAT» бұрышы ашылды

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы аудан әкімінің атына аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға арналған бөлмесінен «Кітап – AMANAT» жобасы аясында арнайы тұрақты бұрыш ашу, оған «Кітап – AMANAT» жобасының көрнекіліктерін орналастыру, кітапханада ұйымдастырылатын іс-шараларды партия филиалымен бірлесе өткізу бойынша ұсыныс енгізген болатын.

Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы ұсынысты қолдап, аудан басшысының тапсырмасымен аудандық орталық­тан­дырылған кітапхананың оқырман­дарға арналған бөлмесінен «Кітап – AMANAT» жобасы аясында арнайы тұрақты бұрыш ашылды. Оған мем­лекеттік қызмет саласының ардагері Марат Омаров, кітапхана ұжымы қатыс­­ты.

Кітапханашылар «Кітап – AMANAT» жобасының көрнекіліктерін орна­лас­­тырып, жаңа әдебиеттермен толық­­тырып, «Кітап оқитын ұлт» қалыптастыру бағытында партияның аудандық филиалымен бірлесе жұмыс атқаруға ынталы екендіктерін айтты.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев президенттікке кіріс­­­кен алғашқы күндерден бастап зият­кер ұлт қалыптастыру бойынша ауқымды реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы білім – жаһандану жағдайында еліміздің табысқа жетуінің басты факторы екенін түрлі алаңдарда үнемі айтуда. Аталған міндеттемелерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды қадамдарының бірі – кітап оқу. Сондықтан да Президентіміз Аты­раудағы Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «...озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнық­тыруымыз керек» деп атап өтті.

Ел Президентінің саясатын қолдау мақсатымен «AMANAT» партиясы «Кітап-AMANAT» жобасын іске қосты. Жоба аясында отандық баспагерлер мен жазушыларды қолдау, олардың туын­дыларын ілгерілету мен насихаттау бағытында ауқымды жұмыс жүр­гізілуде. Партия бастамасымен жаңа­дан қабылданған «Салық кодек­сінде» отандық баспагерлер үшін қосым­ша құн салығы алынып тас­талды. Сонымен қатар Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фрак­­циясының ұсынысымен кітапхана қыз­мет­керлерінің жалақысын көтеру және еліміздің барлық аймағындағы кітапханаларды қайта жаңғырту жұмысы жүргізіліп келеді. Отандық жазушылар мен ақындарды қолдауға бағытталған «AMANAT» партиясының дәстүрлі «Ұлы дала» шығармашылық байқауы әдебиет әлемінде жаңа есімдер мен шығармалардың пайда болуына ықпал етуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Осы ретте ауданда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қол­­дауы­мен ашылған «Руханият» орта­лығы кітапхана саласының жұ­мысын жаңа деңгейге көтерді. Бүгін­­де кітапхана жаңа заман талабына сай жабдықталды және аудан кітапханашылары түрлі бағытта жүйелі жұмыс істеуде. «Кітап – AMANAT» жобасы аясында ашылған арнайы тұрақты бұрыш көрнекті ақын-жазушылар мен қаламгерлердің кітаптарын насихаттауға, кітапхана жұмысын жандандыруға, ауданның оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенеміз.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 қазан 2025 ж. 62 0