Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жұмысы жүйелі амбулатория

Жұмысы жүйелі амбулатория

«Бірінші байлық – денсаулық» дейді дана халқымыз. Халық ден­саулығын жақсартуда, әл-ауқатын көтеруде ауылдағы денсаулық сақтау мекемесінің орны бөлек. Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория осыдан екі жыл бұрын «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңадан пайдалануға берілді. Еңселі, іші кең, тұрғындарға ыңғайлы ғимаратта ауыл тұрғындары күнделікті ем-шарасын алып, ден­саулық жағдайын жақсартуда.

Ауылдың орталық көшелерінің бі­рін­­­де орналасқан амбулатория жұмы­сы­мен танысу мақсатымен барға­ны­мыз­да, ақ халатты абзал жандар жұмыс үстінде екен. Медбикелер ем-шарасын жасап жатса, кіші буын қыз­­­меткерлері тазалық жұмысымен айналысуда. Мұндағы күндізгі стацио­нарда науқастарға емделуге жағдай жасалған. Әзірге ауыл дәрігері болма­ғанымен мекемедегі 8 медбике, 2 кіші буын қызметкері, 1 жүргізуші мен қа­рауыл өз жұмысын үйлестіруде. Ден­саулық сақшылары ауылдағы 2235 халықтың денсаулық жағдайын бақы­лап, аурушаңдықтың алдын алуға жұмылған. Атқарылған жұмыстың қата­рында флюорографиялық тексеру­ден 536 адам өткізілсе, диспансерлік есептегі 256 адам бақыланған. Сонымен қатар биылғы жылы 37 жүкті әйел есепке алынса, мүмкіндігі шектеулі 58 адамның да денсаулығы медбикелердің назарында. Күндізгі стационардан 41 науқас ем алған.

– Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы – тұрғындардың денсаулығын бақылауда ұстап, аурудың алдын алу жұмысын жүргізіп келеді. Негізгі міндетіміз – сапалы медициналық көмек көрсету. Ұжымда амбулаториялық ем қабылдау, алғашқы диагностика, вакцинация, жүкті әйелдерді бақылау, балалар мен қарттарға медициналық көмек көрсету қызметі бар. Дәрігер, акушер және бірнеше медбике жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарының ден­саулығын жақсарту жолында аянып қалмаймыз. Тарихы терең емдеу мекемесіне әр жылдары білікті, білімді дәрігерлер басшылық жасады. Денсаулық сақтау ісінде қажыр-қайратын танытқан ақ халатты абзал жандар қатарында Сәрсенкүл Олинованың есімін ерекше айтамыз. Дәрігер ұзақ жыл меңгерушілік қызметті абыроймен атқарып, халық алғысына бөленді, – дейді дәрігерлік амбула­торияның аға медбикесі Гүлжа­нат Досаева.

Өткен жылы Нағи Ілиясов ауы­лында 25 бала дүниеге келсе, биылғы жылдың 8 айында 23 сәби дүниеге кел­ген. 4721 мәрте жергілікті ха­лық дәрігерге қаралып, сырқаты бо­йын­ша дәрігерден кеңес алған.


Қазіргі уақытта медбикелер ауыл тұрғын­дарымен тығыз байланыста. Туу жасындағы қыз-келіншектердің ден­саулығын жіті бақылап, ана мен бала өміріне бей-жай қарамайды. Күн­делікті көше аралау жұмыстарын, егу, уақытылы скринингтен өтуге ша­қыру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы ауру­шаңдықтың алдын алу, болдырмау мақ­сатында еңбек етуде.

Республикада үздік ауыл санатына кіретін Нағи Ілиясов ауылында ақ халатты абзал жандар тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетуде. Ауылдық амбулаториямен байланысын үзбеген байырғы дәрігер Сәрсенкүл Молдашқызы өзі қызмет еткен саланың жүгі қашанда ауыр екенін айтып, еңбек еткен жылдары туралы естелік айтты.

 – Нағи Ілиясов ауылына жұмысқа келген уақытым әлі есімде. Ол кезде жаспыз, жұмысқа деген қызығушылық пен ынта-жігердің бойымызда тасып тұрған шағы. Ол кезде аурухана ғимараты ауылдың шетінде еді. Ескі ауруханада күндізгі стационарда науқастар жатып ем алатын. Жұмысқа терапевт дәрігер болып 1989 жылы орналасқаннан кейін араға үш жыл салып, 1992 жылдан осы ауылдық амбулаторияның меңгерушісі болдым. Мұның барлығы әрине оңай шаруа емес. Небір қиын кезеңдермен қатар, небір аты жаман дертпен күресіп, нау­қастардың жанын аман алып қалу үшін алғашқы көмекті көрсеттік.


«Ауру айтып келмейді» деген тәм­сіл бар. Сап-сау жүрген адамның ауырып, құлап қалуы аяқастынан болатын жағдай. Күн демей, түн демей амбулаторияның басқа да қызмет­керлері бар сол науқастың үйіне барамыз. Алғашқы көмекті көрсетіп, жедел-жәр­деммен ауруханаға жет­кіземіз. Бұл жұмыстарды атқаруда менің жанымнан әрдайым амбулаториялық ауру­хананың басқа да қызметкерлері табылды. Бұл бірігіп, бірлесіп жинаған абырой. Содан зейнет демалысына шық­­қанша осы қызметті абыроймен атқарып келдім. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанға көмектесу – ақ халатты абзал жандардың дәрігерлік борышы. Сол жұмысын жақсы атқарған дәрігер әрқашан ортасында абыройлы болады деп сенемін. Адам өміріне араша түсу оңай шаруа емес, ақ халатты жандарға абырой тілеймін, – дейді сала ардагері С.Олинова.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ

07 қазан 2025 ж. 55 0