Еңбекпен өткен өмір
Біздің алдымыздағы аға ұрпақ бастары қосыла қалса, «Хәлімізді сұрап, басымыздан сипайтын үлкендер қалмай бара жатыр» деп айтып отыратын, соған біз онша мән бермейтін едік. Енді уақыт өте келе, осы жағдай біздің басымызға да келді. Бізді көргенде: «Қарағым, аман жүрсің бе?» деп сұрайтын аға-апалар азайып...