Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апостиль құжаттың заңдылығын айқындай ма?

Апостиль құжаттың заңдылығын айқындай ма?

Апостиль – заңдастырудың осын­дай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпа­ратты толтырудың халықаралық стан­дартталған нысаны. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мем­лекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Басқаша айтқанда Қазақстан Республикасының ресми түрде берілген құжаттың шет мемлекет аймағында заңды күшін беруі үшін қолданылады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді, демек Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арқылы қазақстандық құжаттарға ғана қойылады.

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсім «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, кон­сулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заң­дастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде «апостиль» мөртабанын қою қолданылады. «Апос­тиль» мөрі құжаттардың түп­нұс­қалары мен көшірмелеріне қойы­­лады. Нотариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында мөртабан қою арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қо­сыл­­ған барлық елдің аумағында заң­ды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген.

Егер құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны кон­­сулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куә­ландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай рас­тауды немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага кон­венцияға қосылған барлық мемлекетте пайдалануға болады.


Олжас ДҮЙСЕНОВ,
Сырдария аудандық
сотының аға сот приставы
03 наурыз 2026 ж. 34 0