Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алғыс – сөздің асылы

Алғыс – сөздің асылы

Көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту күні» мерекесімен ерекшеленеді. Күннің шуағы сәулеленіп, қыстың ызғары басылып, Жер ана жасыл желекке оранатын мезгіл жанға жылулық сыйлайды. Осы айтулы мереке аясында «Руханият орталығында» Сырдария аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен сала мамандарына құрмет көрсету мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық білім бөліміне қарасты білім ордаларының, балабақшалардың және өнер мектебінің кіші буын өкілдері мен басқа да қызметкерлері қатысты. Шалғай ауылдан келген мамандарға алдымен аудандық музей таныстырылды. Жаңа ғимаратта, жаңа бағытта дамып жатқан музейдің ішкі көрінісіне келушілер таңданысын жасыра алмады. Кеш қонақтарын арнайы білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Алмас Есназар бастаса, музей қызметкерлері әр жәдігердің тарихымен бөлісті. Әрі қарай құттықтау кешін аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ашып, қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

– «Алғыс айту күні» 2016 жылдан бері жарияланып, жыл сайын аталып өтілуде. Көктемнің алғашқы айы түрлі мерекемен толыққан. Бірінші күні «Алғыс айту күні» мерекесімен басталса, әрі қарай әйелдер мейрамы мен ұлыстың ұлы күнімен жалғасын таппақ. Кез келген салада еңбек ететін әр жан құрмет пен алғысқа лайық. Бүгінде ауданға қарасты әр мектеп қабырғасында жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан кіші буын қызметкерлеріне арнайы алғысымызды білдіреміз. Өскелең ұрпақтың таза әрі қауіпсіз ғимаратта білім алуына елеулі үлес қосып келе жатырсыздар. Қыстың қытымыр аязында, жаздың аптап ыстығында, жаңбырлы маусымда да тынымсыз еңбек етуде жанашырлықтарыңыз бірінші орында. Бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді білім бөлімінің басшысы.

Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасып, кездесуге келген барша қонақ құрметке бөленіп, алғыс арқалады. Білім саласында еңбек етіп жүрген қарапайым жандардың жүзіне күлкі үйіріліп, «Құттықтау хат» пен сый-сияпат табыс­талды. Мерекелік кеш аудандық өнер мектебінің өнерпаздарының күмбірлете шерткен күйімен, ән-шашуымен жалғасты. Білім қызметкерлері кәсіподағы коми­тетінің төрағасы Алмас Есназар іс-шараны қорытындылады.

– Білім саласында қызмет етіп келе жатқан әр маман құрмет төрінен орын алуы керек. Бүгінде осы салада үздіксіз еңбек етіп, көптің алғысын арқалаған жандар қаншама. Жұмыстың оңайы жоқ. Былдырлаған бүлдіршіндер мен есейген жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу мекемелерінде жанашырлықпен еңбек етіп келе жатқан әр маманның орны ерекше. Жас жеткіншектердің таза ғимаратта білім алуына үлес қосып, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудасыздар. Бұл – нағыз адамгершілік пен ізгі ниеттің көрінісі, – деді білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы.

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ


03 наурыз 2026 ж. 81 0