Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қашан үйленесің?»

«Қашан үйленесің?»

18 демей-ақ қояйын, 20-дан асқан жастардың жиі еститін сөзі бұл. Жасына жас қосылған са­йын басына бас қосылуын тілейтін, сұрайтын, ақыл айтатындар қатары да көбейе береді. Той-жиында кездескен туған-туыс, күнде көретін әріптес, айына-жылына бір көретін танысты кезіктірсең де әңгіме – «той қашан?». 18 жастан бастап айналасы «талап еткен» соң көп бойжеткен һәм бозбаланың ойында «ең бірінші кезекте үйлену керек» деген ой ғана қалыптасады. Яки жұрттың сұрауын қанағаттандыру үшін немесе жас келген сайын үйленудің қажеттілігін түсінгеннен. 18 жастан бастап «қашан үйленесіңді» естіген адамның ойында 25 жасқа келгенде «кім болса да, қалай болса да үйлену керек, болды» деген ой да қалыптасып үлгереді. Отыздан асқанда «биыл­дан қалмай үйлену керек» деп қояды, бірақ адамнан Алла Тағаланың жоспары мықтырақ.

Үйлену, үй болу, ұрпақ қалдыру – сүннет. Бірақ өмірдің мәні тек үйленумен шектелмейді. Ең алдымен адам жеке тұлға ретінде өз-өзіне құрмет көрсете алуы керек. Не жағдай болса да мәселені білімге әкеліп тірегіміз келеді. Себебі білімсіз дүние қараң. «Той қашаннан» қашқан жастар білімсіз, артын ойламай, бір-бірін танымай жатып, үйленіп алады. Әрине қазақтың тойы көппен өтеді. Той бітеді, ел тарқайды. Содан кейін не қалады? Отбасының қадірін жете түсінбесе, тағы бір «бақытсыз отбасы» қалады.

Үйлену, үй болу Құдайға жағым­ды іс болса, жас отбасыны ажырату – Ібілістің сүйікті ісі. Сондықтан да әсіресе жаңадан шаңырақ кө­тер­ген отбасылар арасында кикіл­жің, түсініспеушілік көп болуы мүм­кін. Сынақ түрлі себеппен келуі ықти­мал.

Айтайын дегеніміз, жастар­ды «қашан үйленесіңмен» емес, отбасының мәні мен маз­мұнына бағыттап, үлкен өмірге қанат­тандырып, сынаққа сынбайтындай етіп тәрбиелеу керек. Өмірді түсініп болу мүмкін емес. Оның жауабын, шешімін ешкім білмеген, ұқпаған, түсінбеген. Тек әркім өз әлінше өмірін сүріп, белгіленген жасын жасайды. Бірақ ағартушылық бағытты қол еткен біз отбасы, тұрмыстық зорлық пен зомбылық арам шөптей қаулап тұрған кезеңде оймақтай ойымызбен бөлісуді жөн санадық.

«Атып кетті», «ұрып кетті», «жығып кетті», «зорлап кетті», «тонап кетті...» Жаға ұстатар жаңа­лықтың күнде бір емес, бірне­шеуін естисіз. Тіпті естігеніне елдің еті үйреніп барады. Бұның бәрі – білім­сіз жасалған әрекеттен деп білеміз.

Үйленбес бұрын ең алдымен ниеттің дұрыстығы керек. Неке уа­қыт­ша емес, өмір бақиға қиы­лады. Тіпті о дүниеде де бірге бола­­мыз деген ниетпен. Сондай-ақ өз жұбайымен жақсы қарым-қаты­наста болу – мұсылмандықтың көркем белгісі. Иманның кемелдігі мінездің кемелдігімен, мінездің кемелдігі өз жұбайына көрсеткен сый-құрметпен өлшенеді. Отбасын күй­реуден сақтаудың бірден-бір жолы – ер мен әйелдің отбасындағы рөлі мен жауапкершілігін жақсы білуі. Отбасы о баста екі адамнан құ­ралады. Үйлену, үй болу – ізгі амал. Десек те ақыл-парасатпен құ­рыл­ған отбасыны сақтайтын амал­дар – сезім мен сыйластық қана.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

03 наурыз 2026 ж. 75 0