Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮН ЫСТЫҚТА ӨРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

КҮН ЫСТЫҚТА ӨРТТЕН САҚТАНАЙЫҚ!

Жаз мезгілі – өрт көп болатын қауіпті мезгіл. Бұл кезеңде күннің ыстық болуы өрттің болуына себепші. Қазіргідей күн райы күрт ысып тұрғанда өртті болдырмауға абай болу керек.
Өрт туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар адам өміріне қауіп төндіретін тілсіз жаудың орын алуына отты пайдалану ережелерінің бұзылуы. Сондай-ақ үйде, табиғатта немесе көшеде ойланбай тасталған сіріңке, темекінің тұқылы үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Сондықтан кез келген азамат өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның шығу себептерін және дұрыс әрекет жасауды білу керек.
Бүгінгі таңда көпшілік су жағалауына, табиғат аясына шығып демалуда. Осындайда өрт қауіпсіздігін сақтаған дұрыс. Отты пайдаланып, өшірмей кетіп, ол үлкен өрттің тұтануына себеп болатынын қаперімізден шығарып аламыз. Орын алған өрт ауданы бір қарағанда болмашы болғанымен, кей уақыттарда жүздеген шаршы метр жерлерге жетіп артады. Бұл әсіресе жазғы уақыттарда өте жиі орын алады. Сондықтан осындай шақта сақтық шараларын жасаған абзал. Одан бөлек орман-тоғайда да күнның ыстықтығынан темекі тұқылының өзінен шөп, ағаш тұтанып кеткелі тұр. Бұған да өте сақтықпен қарауымыз керек. Өйткені орман-тоғайды өрт шалса, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады. Оның адам денсаулығына кері әсері көп.
Жалпы ашық от қолдану кезінде өте мұқият болыңыздар. Тек қатаң сақталған қауіпсіздік ережелері өртті болдырмайды және материалдық шығыннан сақтайды.

Бауыржан КҮЗЕМБАЙ,
«Сырдария орман және
жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі»
КММ-нің аға өрт сөндіруші
27 шілде 2019 ж. 794 0