Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДАЛА ӨРТІНЕН САҚТАНАЙЫҚ!

ДАЛА ӨРТІНЕН САҚТАНАЙЫҚ!


Қазіргі уақытта аудан бойынша құрғақ дала шөбінің жану оқиғасы күн сайын тіркелуде. Барлық себеп, өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарының сақталмауынан. Жыл басынан сонау қыркүйектің аяғына дейін табиғат аясында орын алатын өрттің саны бүгінгі күнге қарағанда 2 есеге ұлғаятындығын жыл сайынғы талдау ақпараттары көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта аудандық өртке қарсы қызметтің жеке құрамы күшейтілген жұмыс күніне көшірілген.
Қоршаған ортада туындаған өрттің себептері де әр түрлі. Оған ең бастысы адамның да кінәсі бар десек артық айтпағанымыз. Азаматтардың далада жаққан оттарын сөндірмей кеткендерінен, механизатор, малшылардың немесе көлік жүргізушісінің жол жиегіне өшірмей тастаған темекі тұқылынан өрт шыққан оқиғалар көп. Бұның барлығы да адамзаттың табиғат-анаға деген немқұрайлы көзқарасынан туындайтындығы сөзсіз.
Қоршаған ортада орын алған өрттің зияны да ерекше. Біріншіден, ауа ластанса, келесі кезекте өрттің дала алқаптарына түсу қаупі артады, мал жайылымын, шабындықты жояды.
Осы жайттар қазіргі күні өртке қарсы қызметін алаңдатуда. Осыған орай көз жетімді жерлердің барлығы автокөлікпен, ал қолжетімсіз жерлердің барлығы орман шаруашылығын қорғаушы мекемесіне қарасты мамандардың апта сайын аудан аумағын қадағалауында. Барлық мақсат-табиғат аясында шыққан жедел өртті анықтап, оны сөндіруге күштерді мерзімді жұмылдыруға арналған. Сырдария ауданы көрікті табиғатымен, жазиралы даласымен ерекшеленіп, көз тартады. Өңірімізді өрттен қорғап, отқа абай болған жөн.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/7236/21-4-94 жұмыс жасайды және бөлім бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Бақтияр аптаның дүйсенбі-жұма күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімі
03 сәуір 2018 ж. 2 021 0