Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРМАН-ТОҒАЙДЫ ӨРТ ШАЛМАСЫН

ОРМАН-ТОҒАЙДЫ ӨРТ ШАЛМАСЫН


Көктем келіп күн жылына бастағаннан өрт қаупі үдей түседі. Өйткені, құрғақ, ыстық желді ауа райы өрттің шығуына бірден-бір себепкер болады. Сөндірілмей қалған оттың немесе өртенген күл-қоқыстың шаласы, тұтатылған сіріңке мен темекінің өшпей қалған тұқылынан аяқ асты өрт шығуы әбден мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны, орман-тоғайды өрттен қорғау – басты міндетіміз. Осы орайда, орман-тоғайға шыққанда немесе күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Мәселен, орман-тоғай және шабындықты жерлерде демалушылар ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады және толық сөнбеген темекі тұқылын, сіріңке қалдығын тастауға болмайды. Сондай-ақ, тілсіз жауға қатысты сақтау қажет қағидаларды естен шығармаған абзал. Оның үстіне, өрт шыға қалғанда арнайы қызметке хабар беру қажет. Дер кезінде алдын алу шаралары қолға алынса, орман-тоғайға зақым келмейді. Ол әрине, адамзатқа да оң ықпал тигізеді. Сондықтан көктем, жаз айларында өрттен сақтану керек.
Тілсіз жау – өрт бәріміздің ортақ дұшпанымыз. Олай болса бәріміз жабылып, табиғаттың тілсіз жаудың кесірінен зардап, залал шекпеуіне шама-шарқымызша өз үлесімізді қосып, қорғауға атсалысуға тиіспіз.
               
Бауыржан КҮЗЕМБАЕВ,
орман шаруашылығының аға өрт сөндірушісі
23 наурыз 2019 ж. 1 550 0