Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ


Сырдария ауданы бойынша 2017 жылы – 33 өрт оқиғасы тіркелсе, соның ішінде 5 өрт оқиғасы автокөлікке қатысты болған.
Өрт оқиғаларының себептері төмендегідей: электр желілерінен сымдарының қысқаша тұйықталуынан, ашық от (паяльный лампа, факелдің) пайдалануынан, автокөліктердің соқтығысуы, жол апаты салдарынан өртенуі туындауда.
Жоғарғы мәліметтерден байқалатындай, көліктегі өрт оқиғалары көп жағдайда электр желілерінің қысқа тұйықталуы салдарынан болады. Автокөліктің электр жабдықтарының, электр желілерінен ұшқын шығуын болдыртпау үшін, барлық желілерде зақымданбаған, дұрыс изоляциялық қабықтары болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі үшін барлық автокөлік тұрақтарында автокөліктердің ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы тиіс.
Автокөліктердің өртенуінен сақтану үшін, бәрінен де бұрын, көліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн. Алғашқы өрт сөндіру жабдықтарын қолдана білу қажет және оны дұрыс күйде ұстап, өртке қатысты қауіпті жағдайларда автокөлікке, оның механизмдеріне отты қолдану кезінде абай болу керек.
Өрт әдетте болмашы түтеуден басталады. Осы кезде оны өшіру де үлкен қиыншылықты қажет етпейді. Автокөліктер өрт сөндіру құралдарымен міндетті түрде талапқа сай жабдықталып, керек кезінде дұрыс пайдаланып, өрттің әрі қарай өршуіне жол бермеу керек.
Газ баллон жабдықтары қондырылған қөліктерге қойылатын талаптар: Көліктегі газ жабдықтардың герметикалығы белгіленген мерзімде тексерілуі тиіс. Двигатель жұмыс жасап тұрған кезде сығылған газбен баллонды толықтыруға тиым салынады.
Техникалық тексеріс кезінде көліктің газ баллон жабдықтарына ерекше көңіл бөлу қажет. Жүргізушілер газ баллонды көліктерде пайдалануға қауіпсіздік шараларын техникасы мен пайдалану ережесі, аппараттарды орнату бойынша оқудан өтуі қажет.
- Магистральды және баллонды тетікті ашу,тетіктен карбюраторға дейінгі газ желісінде қалған газ- ды шапшаң шығару және жұмыс істеп тұрған двигательде иінді біліктің айналу санын ұлғайту қажет. Өртті қөмірқышқыл және ұнтақты өрт сөндіргіштермен,құм немесе сумен сөндіреді. Газ баллонға салқын су құйып тұру керек.
- Ең бастысы өрт кезінде абдырамастан, өртті сөндіре білу және өзін сабырлы ұстай білу керек. Ал, ең дұрысы, өртті болдырмау үшін өртке қарсы ережелерді қатаң сақтаған жөн.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/72436/21-4-94 жұмыс жасайды.
Б.ӘБСАТТАРОВ,
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты
20 қаңтар 2018 ж. 2 494 0