БАС ҚАЛАНЫҢ АТАУЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ҚҰПТАРЛЫҚ ІС
Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ елін дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз. Сұңғыла саясаткер, көреген көшбасшы қиын кезеңдерде халықтың сенімін арқалап, оны ақтай білді. Сол себепті, Елбасыға ел шынайы риза.
Халқымызда «Еңбек еткеннің еңсесі биік» деген сөз бар. Елбасының еңсесі әркез биік. Өйткені, Тұңғыш Президент қажырлы еңбек етті және алдағы уақытта да ел дамуына үлес қосады. Мен бас қаламыз Астана атауының өзгеруін құптаймын. Себебі, елорда президенттің тікелей бастамасымен тұрғызылған шаһар. Тіпті, Астана мен Нұрсұлтан атауы егіз, үндес, сабақтас.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тұңғыш Президенттің егемен елдің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегі кеңінен алтылды. Әлемдік саясаткерлер де жоғары баға беруде. Мен осыған шынайы қуандым және мақтан тұттым.
Ұ.Байдәулетов,
Мемлекеттік қызмет саласының ардагері