17 қарашада бес облыста ауа райы қолайсыз болады
17 қарашада Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және маневр жасамауға кеңес беріледі.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның батысында қар аралас жауын-шашын жауады. Оңтүстіктің кей жерлерінде де жаңбыр күтіледі. Ал елдің солтүстігінде көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ










