Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Астана қаласы Нұрсұлтан деп аталуы тиіс

Тоқаев: Астана қаласы Нұрсұлтан деп аталуы тиіс

Бүгін өтіп жатқан парламент палатасының отырысында Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біздің елордамыз тұңғыш президенттің атымен "Нұрсұлтан" деп аталуы тиіс», - дейді Тоқаев.
Өз сөзінде  ол мұндай ұсыныс ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында парлармент өкілдері тарапынан түскенін атап өтті.

Сонымен қатар Тоқаев барлық облыс орталықтарындағы орталық көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.

«Еліміздің тұңғыш президенті барлық жоғары атақтар мен лауазымдарға лайық. "Халық Қаһарманы" мен "Еңбек ері" атақтарын беруді ұсынамын. Нұрсұлтан Назарбаев - еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол - халықтың әкесі», - дейді президент.
20 наурыз 2019 ж. 935 0