Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЕЛБАСЫҒА ЕЛ РИЗА

ЕЛБАСЫҒА ЕЛ РИЗА

Көреген көшбасшыс Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ елінің алдында еңсесі биік, абыройы асқақ күйде жауапкершілігі аса ауыр қызметтің нағыз үлгі боларлық нүктесін қойды. Кезінде тәуелсіздіктің жылнама парағын өзі ашып еді. Қиын-қыстау кезеңде елдің сеніміне ие болып, жауапкершілікті сезініп, қиядан жол тапты.
Елді қырық-пышақ қырқыстарға, араздықтарға ұрындырмады. Бейбіт өмір кештік. Ең маңыздысы, шекарамызды шегендеп, бірлігімізді бекемдедік, Әсем де сұлу Астанамызды салдық.
Көптеген жетістіктерді бағындырып, табысқа жеттік. Осынау игіліктің бәрінде әуелі Алланың берген игілігі болса, одан соң Елбасының қажырлы, өлшеусіз еңбегі жатыр.
Елбасы елге бас иіп, шынайы алғысын айтты. Ел де Тұңғыш Президентке риза! Оған әлеуметтік желідегі ақ көңілін ақтарып, көңілдері босап отырған ел-жұрттың пейілі нақты дәлел.
Хайролла Әбенұлы,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
20 наурыз 2019 ж. 780 0