Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. 66 келідегі отандасымыз Нұрқанат Серікбаев Хорватиядағы Гран-приде жеңіске жеткеннен кейін 6 сатыға жоғары көтеріліп, 10-орынға жайғасты, оның еншісінде 2 748 ұпай бар, деп хабарлайды Egemen.kz.Сондай-ақ жаңартылған рейтингте Аман Бақытжан 60 келі салмақта үш саты жоғары көтеріліп, 22-орынға тұрақтады. Оның еншісінде 2 145 ұпай бар. Ал 48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірден 13-орынға жоғарылап, 1141 ұпаймен 38-сатыға жайғасты.










