Жаңа міндеттер-жарқын болашаққа бастайтын нық қадам
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамуындағы маңызды басымдықтарды айқындап, алдағы кезеңге арналған нақты бағдарларды белгілейді. Құжатта көтерілген мәселелердің ауқымы кең, ал олардың барлығы түптеп келгенде мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бүгінгі күрделі әрі құбылмалы кезеңде елдің ішкі әлеуетін нығайтып, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану айрықша маңызға ие.Жолдауда айтылған бастамалардың ішінде экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті өркендету, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау бағыттары ерекше назар аудартады. Себебі қуатты экономика-мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуының маңызды негізі. Өндіріс орындарының көбеюі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және шағын әрі орта бизнестің дамуы халықтың табысын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің әлеуетін пайдалану елдің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Ел дамуының тағы бір маңызды көрсеткіші-әлеуметтік саланың сапалы дамуы. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру әрдайым басымдықта болуы қажет. Әсіресе жас ұрпақтың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына жағдай жасау-болашаққа салынған ең маңызды инвестиция. Білімді әрі білікті азаматтар ғана елдің зияткерлік және экономикалық әлеуетін арттыра алады.
Сонымен бірге қоғамдағы заң үстемдігі, әділдік, тәртіп пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту да тұрақты дамудың ажырамас бөлігі. Мемлекеттің өркендеуі тек қабылданған шешімдерге емес, сол шешімдердің орындалуына және әрбір азаматтың ортақ іске қосқан үлесіне байланысты. Сондықтан мемлекеттік құрылымдардың жүйелі жұмысы мен қоғамның белсенді ұстанымы өзара үйлесуі тиіс.
Меніңше, Жолдаудың негізгі мәні-елдің бүгінгі мүмкіндіктерін ертеңгі жетістіктерге айналдыру. Әрбір салада белгіленген міндеттер нақты нәтижеге бағытталып, халықтың күнделікті өмірінен көрініс табуы қажет. Бұл жолда бірлік пен ынтымақты сақтау, адал еңбек ету және мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қою маңызды.
Өркендеген ел болу-ортақ мақсатқа жұмылған қоғамның табанды еңбегінің нәтижесі. Сондықтан Жолдауда айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға әр азамат өз саласында жауапкершілікпен үлес қосуы тиіс. Бүгінгі нақты іс-ертеңгі тұрақты дамудың негізі.










