«Еңсесі биік, рухы асқақ -Елорда»
№3,19 кітапханада 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған «Еңсесі биік,рухы асқақ Елорда» атты флешмоб ұйымдастырылды. Мерекелік шарада №173 орта мектептің 5-8 сынып оқушылары, «Жас өркен» колледжінің студенттері өз ұлтының ұлттық киімдерін киіп, өз тілдерінде өлең оқыды. Кеш барысында ұлттық киім киінген «Жас өркен» студенттері халықтар достығы жайлы көріністі қазақ тілінде орындап, татар, өзбек, башқұрт, орыс, қазақ халқының достық, ынтымақ, бірлік жайлы өз өнерлерін көрсетті. Орыс ұлтының өкілі Самусенко Крестина қазақ тілінде қазақ халқына алғысын жеткізді. №173 орта мектептің оқушысы Әмірбек Дильназ «Ақжайнақ» әнін тамылжыта орындады. Мерекелік шара ән-күйге жалғасты.
Кеш соңында «Астана-ұлт келбеті» атты кітап көрмесіне кітапханашы библиографиялық шолу жасап, Қазақстан халқы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз Елбасының сындарлы саясаты екендігін оқырмандарға кеңінен насихаттады.