Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті

Студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті

Құқықбұзушылықтың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаментінің ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Кубайдилдаев Серікбол Жеткергенұлы және жедел уәкіл Күмісбай Нұрлыбек Күмісбайұлы қатысты.

Іс-шара барысында студенттерге құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, әлімжеттік пен күш көрсету, бопсалау, зорлық-зомбылық, ұйымдасқан қылмыс, топтық төбелес, буллинг пен кибербуллинг, қаржылық және интернет-алаяқтық, нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымы, интернет қауіпсіздігі, суицид пен ойынқұмарлықтың алдын алу бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар заңсыз әрекеттердің соңы әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратыны түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бопсалау мен бұзақылық әрекеттері үшін көзделген жаза түрлері нақты мысалдар арқылы баяндалды.

Кездесу барысында студенттерге қандай да бір әлімжеттікке, бопсалауға немесе өзге де заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда, бұл туралы уақытылы ата-анасына, оқу орнының әкімшілігіне немесе «102» нөмірі арқылы полиция органдарына хабарлау қажеттігі ескертілді.

Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі!
17 қараша 2026 ж. 17 0