Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Танымал журналист ауыл тұрғынына баспана алып берді

Танымал журналист ауыл тұрғынына баспана алып берді

Елімізге белгілі журналист, тележүргізуші Гүлмира Әбіқайдың есімі халыққа етене таныс. Туралықты ту етіп, жаңалықтардың жаршысы бола білген журналист соңғы уақыттары қайырымдылық істермен айналысып жүр. Өткен аптада қайырымды жан Шаған ауылына ат басын тіреп, игі істі жүзеге асырды.

Гүлмира Әбіқайдың тікелей көмегімен және оның оқырмандарының қолдауымен Шаған ауылының баспанаға мұқтаж тұрғыны Иса Қозтаев баспаналы болды. Тұрғын үй кілтін журналист Г.Әбіқаймен бірге ауылдағы мекеме қызметкерлері бірге табыстап, үй иесінің қуанышына ортақтасты. Кең әрі жайлы баспанаға ие болған балалардың көңілі көтеріліп, жүздерінен шаттықтың лебі есті. Осылайша, қайырымды жандардың арқасында бүтін бір отбасы қуанышқа кенелді.

– Баспаналы болу – әр азаматтың арманы. Жайлы баспана болса, жайлы өмір болады. Мұқтаж отбасыға көмектесіп, тілектерін орындағанымызға қуаныштымын. Ең алдымен, оқырмандарыма алғыс айтамын. Бәрі көпшілікті, халықтың арқасында жүзеге асты. Лайым, шаңырақ шаттыққа толсын!, – деді Г.Әбіқай.

Өз кезегінде баспана иесі де өзінің шынайы ризашылығын білдірді. Қайырымды жандарға зор денсаулық пен қызметте жеміс тіледі.
24 ақпан 2021 ж. 1 780 0