ЖАҢА БАСПАНА – ЖАЙЛЫ ҮЙ
«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ауданда жаңа тұрғын үй кешені салынды. Оның игілігін алғашқылардың бірі болып көргеніме қуаныштымын. Баспана – адам өміріне ең қажет нарсе. Өз баспанаң болмаса, адам қандай күй кешетіні бізге жақсы мәлім. Менің отбасым біраз жылдан бері апатты жағдайдағы тұрғын үйде тұрдық. Жайлы да, жарық, кең үй алу біздің арманымыз болатын. Үмітіміз үзілмеді. Қазір біз қоныс тойын тойлап жатырмыз. Бұл күнге жетуімізге себеп болған аудан басшылығына мың да бір алғыс. Ел ағалары ауданның экономикасын дамытып, құрылысқа қаржы бөлінуіне жұмыс жасап, осындай керемет үй салып берді. Алда тағы да осындай тұрғын үй кешені салынады. Бір-екі жылда көптеген отбасылар баспаналы болады. Бұл да болса қанша тұрғынға баспаналы болуға берілетін үлкен мүмкіндік.
Гүлсара БЕРШІНБАЕВА,
кент тұрғыны