Сала ардагерінің отбасына көмек көрсетілді

– Құқық қорғау саласында дамылсыз күндерді өткерген Әділбай Орынбаевтың еңбегі ерекше. Біз қашанда әріптесіміздің қырағы қызметін ұмытпаймыз. Ел тыныштығын күзеткен оның жауапкершілікке толы қызметін ауыл халқы жақсы біледі. Жылдар бойы еткен еңбегінің арқасында ұжымдастары арасында беделімен айрықша құрметке ие болды, – деді бөлім басшысы.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев сала арадагерінің жары Б.Ақжігітоваға облыстық полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев пен аудандық полиция бөлімі ұжымы атынан арнайы сыйлық ұсынды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны Б.Ақжігітова аудандық полиция бөлімінің ұжымына өз алғысын айтты.
Балтабай ОРДАБЕКОВ