Полиция полковнигі зейнет демалысына шықты

Жиында аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев сөз алып, Ерлан Сағидуллаұлының ауданда атқарған елеулі қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, аудан әкімінің "Алғыс хатын" табыстады. Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов ішкі істер саласында абыройлы жүйелі жұмысын жоғары бағалап, полиция полковнигініне өз атынан "Алғыс хат" берді.
Күні бүгінге дейін ішкі істер саласында табанды еңбегінің арқасында ерекше зор құрметке бөленген Ерлан Сағидуллаұлын аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев ұжым атынан құттықтады. Аудандық полиция бөлімінің атынан арнайы "Алғыс" пен бағалы сыйлық тапсырды.
Жиын соңында құрметті зейнет демалысына шыққан Ерлан Сағидуллаұлы бірлесіп жұмыс атқарған ұжымдастары мен қонақтарға алғысын айтты.
Балтабай ОРДАБЕКОВ