Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сала ардагерлеріне көмек көрсетілді

Сала ардагерлеріне көмек көрсетілді

Коронавирус індеті елімізде әлі күнге өршіп тұр. Бүгінде қауіпті індетті жұқтырған адам саны 4 мыңнан асты. Елдегі ахуалға байланысты #BizBirgemiz акциясы кеңінен ұйымдастырылуда. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға кәсіпкерлер мен еріктілер жан-жақты қолдау көрсетуде. Бұл ретте аудандық полиция бөлімінің бастамасымен қайы­рымдылық шарасы жалғасын тапты.
Акция барысында бірнеше жыл ішкі істер органында қызмет еткен сала ардагерлеріне көмек көрсетілді. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Ибраев, бөлім басшысының орынбасары А.Нұржанов, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы М.Еспенбетов, ардагер Ж.Жансейітов игілікті іске үн қосты.
Сала мамандары кент тұрғыны Е.Жарықбаевтың отбасына атбасын бұрды. Е.Жарықбаев 7 баланың әкесі. Бірнеше жыл ішкі істер саласында табанды еңбек еткен. Бұдан кейін 25 жылға жуық ішкі істер саласында жұмыс жасаған Г.Жұбановтың үйіне барған ұжым қызметкерлері қайырымдылық көмек көрсетті. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Ибраев қайырымдылық шарасының маңыздылығына тоқталды. Ардагерге зор денсаулық тіледі. Ал Шаған ауылының тұрғыны Ә.Орынбаевтың шаңырағында болған ұжым қызметкерлері отбасы мүшелерін Рамазан айымен құттықтады.
Айта кету керек ауданда індет жұқтырған 26 науқастың 25-і емделіп шықты.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
05 мамыр 2020 ж. 847 0