Сырдария аудандық полиция бөлімінің басшысы тағайындалды

Ибраев Нұрлан Мейірғалиұлы 1971 жылы 26 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1992 жылы ҚР ІІМ-нің Алматы өрт техникалық училищесін, 2000 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатыныс институтын өрттен қорғану технигі, құқықтану мамандағы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1989 жылы ҚР ІІМ-нің Алматы өрт сөндіру техникалық училищесінің курсанты болып бастаған. Әр жылдары білікті маман ретінде құқық органдарында қызмет атқарды. Нұрлан Ибраев аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі бастығының орынбасары әрі криминалды полиция бөлімінің бастығы болды.