Тарихтан тағылым алды
Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп болған жоқ. Бұл сала бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу – пробация қызметкерлерінің негізгі міндеті. Еліміздегі «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмаларының бірі – бас бостандығынан айыру орнынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу. Қазіргі таңда осы аталған тапсырмаларды орындау мақсатында көптеген шаралар қолға алынуда.
Байқаусызда сүрінген жандарды түзеу мекемесіне отырғызбай, қайта тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп, әлеуметтік мәселелері болса шешуге ықпал жасайды. Шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге ықпал етудің маңызы зор. Осы мәселе төңірегінде аудандық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын жоспарға сәйкес аудандық пробация қызметі мамандарының бақылауымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтар мен азаматшаларды қатыстырып түрлі шаралар өткізеді. Өткен аптада пробация есебінде тұрған азаматтарға музейдің «Еңбек даңқы» залында «Туған жерім – алтын бесігім!» тақырыбында экскурсия жүргізілді. Экскурсияға аудандық пробация қызметінің инспекторы Н.Дүйсенбаев пен сала мамандары қатысты. Келушілер өткен тарихымызға қанығып, тың ақпараттармен танысты. Экскурсияны жүргізген музейдің ғылыми қызметкері С.Қуандықованың айтуынша бұл шараның азаматтарға тигізер пайдасы жоғары.

Құқықтық саланы жетілдіру мәселелері «100 нақты қадам» бағдарламасында да көрініс тапқаны мәлім. Олай болса аталған қызмет түрін заман талабына сай жетілдіру маңызды болып қала бермек.
Майя ҚОЖАБАЙ