Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтарды қайта бейімдеу маңызды

Азаматтарды қайта бейімдеу маңызды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамында бас бостандығынан айы­рыл­ған, сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеу­меттік оңалтуды көздейді. Осыған сәйкес Сырдария ауданының прокуратура­сымен аудандық пробация қызметі, аудандық полиция бөлімдеріндегі есептегі соттал­ғандарды әлеу­мет­­тендіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза­ға сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар мен әкімшілік қадағалау орнатылған тұлғалардың құқықтарының сақталуы жөнінде бірқатар жұмыс атқарылды.
Атап айтқанда, аудандық прокуратураның бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен түзеу мекемесінен босатылған сотталғандарға бақылау жүргізу және әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету мақсатында аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі және аудандық пробация қызметі бөлімдерімен жұмысшы тобы құрылды.
Жұмысшы топтың негізгі міндеті – аудандық пробация қызметінің есебіндегілерді және түзеу мекемелерінен босатылғандарға бақылау жүргізу, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, жергілікті атқарушы органдарының халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос жұмыс орындарын ұсыну­шы мекеме, кәсіпорындарымен тығыз байланыс­ орнатып, сотталғандардың ұзақ мерзімге және жүйелі түрде жұмысқа қабылдануын қамтамасыз ету.
Жұмыс квотасы бекітілген мекемелерге соттал­ған­дарды жұмысқа 100% орналастыру; про­бация­лық бақылау орна­тылған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы қоғамға қалыптастыру жұмыстарын жүргізу, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен кә­сіби мамандығы жоқ сотталғандардың арасында кәсіптік оқыту және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрле­ріне сотталғандарға әлеуметтендіруді оңтайландыру мақсатында аудандық пробация қызметі бөлімі есебін­дегілерді тұрмыс жағдайына қарай 3 топқа: «тұрмыс дең­гейі жақсы», «тұрмыс деңгейі орташа», «тұрмыс деңгейі төмен» деп бөлу арқылы жекелеген жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде аудандық пробация қызметінде 42 сотталған есепте тұрады. Оның тұрмыс деңгейі жақсысы– 28, тұрмыс деңгейі орташасы – 10, тұрмыс деңгейі төмені – 4 адам.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде сотталғандарды жұмыспен қамту ұдайы жүргізілуде. Мысалы, пробациялық бақылау есебіндегі 2 сотталған кәсіп­тік білім алуға жолдама алып, оларға «Бастау-биз­нес» жобасы аясында 252 500 теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз несие беріліп, жаза өтеушілер Б.Е., М.Ш. өздерінің кәсібін ашып жұмыс жасауда. Қазіргі таңда кәсіптік білім алу курсынан Н.М. тігінші маманы бойынша оқытылып курсын аяқтауда.
Аудандық прокуратураның бастамасымен Сырдария аудандық пробация бөлімінде есепте тұрған жаза өтеушілердің тұрмыстық жағдайын, қандай әлеуметтік көмекке мұқтаждығын, жұмыспен қамтамасыз етілгенін, заң көмегін көрсету мақсатында пробация бөлімімен «Тәрбиелеу» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, Қоғалыкөл ауылының тұрғыны сотталған Л.Б. азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сырдария ауданы әкімдігінің «Жұмыс орындарына кво­та белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 4 сотталған тұрақты жұмыс орындарына жіберіліп, олар өздеріне белгі­ленген жұмыстарды атқаруда.
Ал ағымдағы жылдың өткен мерзімінде пробация қыз­метінің есебінде тұрған сотталғандардың арасынан қайталап қылмыстық құқық бұзушылық жасау деректері орын алмаған.

Сырдария аудандық прокуратурасы
28 қыркүйек 2019 ж. 702 0