Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Пробация қызметі деген не?  Бұл сұрақ адамдар арасында жиі естілуде. Бұл қызметтің мақсаты шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамысының негізгі бағыттарының бірі – істі болған адамдарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа сай келеді. Жалпы пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынау негізгісі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түзету мекемесіне отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сотпен берген шарттардын барлығын орындау керек. Сонымен Пробация қызметі басты міндеттерінін бірі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру болып келеді.
Қазіргі кезде пробация жеке институт ретінде толық қалыптаса қойған жоқ. Алайда оның басты элементері «Пробация туралы» заңына және Қазақстан Республикасының басқада заңдарына сүйене отыра атқарылуда. Еліміздегі «түрме халқы» санын азайту өзекті мәселелердің бірі. «Түрме халқы» деңгейінің жоғары болуы, бүгінгі таңда көптеген мемлекеттерге әлемдік рейтингте кері әсерін тигізіп отырған мәселелердің қатарында. Бұл жағдайдың біздің елімізде де көрініс тауып отырғандығы жасырын емес. Бәріңізге белгілі, Қазақстанның қылмыстық саясаты әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесін есепке ала отырып, еліміздегі бірқатар қылмыстық жазаларды ізгілендіру, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың ауқымын кеңейтуге бағытталған.  
Жақында аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сотталушылардың бүгінгі таңда қаншалықты жұмыспен қамтылғандығы жөнінде шара өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев пен аудан прокуроры Е.Алмазұлы және мемлекеттік мекеме қызметкерлері  қатысты.
 Алғаш баяндама жасаған Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Е.Зұлқарнаев пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтылуы жөнінде бірінші жарты жылдықтың қортындысын жария етті. Ол өз сөзінде ағымдағы жылдың бес айында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына 13 адам жұмыссыз ретінде тіркелгенін жеткізді. Оның ішінде жергілікті квота негізінен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде 6 адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтап, бағдарлама бойынша 252 мың теңге мемлекеттік грантын ұтып алып, пробация есебіндегі азаматтар өз кәсібіін ашуда. Бүгін таңда аудан бойынша пробация есебінде тұрған азаматтар саны 39-ды құрайды.

Майя БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
25 мамыр 2019 ж. 668 0