Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МАҢЫЗДЫ

ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ МАҢЫЗДЫ

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÑоÑКент мәдениет үйінде қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасын орындайтын мекеме мен орган қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы орган жанындағы консультациялық-кеңесші органның бас бостандығынан айырумен байланысты емес, Жазаға сотталған және жаза өтеу орынынан босатылғандармен кездесу өткізді. Мұның басты себебі жазасын өтеп орал­ғандарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың сіңісіп кетуіне ықпал ету болып табылады.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Д.С.Бай­душев ашып, жүргізді. Басқосуда екі мәсе­ле қаралды. Бірінші мәселе «Аудандық пробация қызметінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жөнінде іс-шара жоспарына сәйкес 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы» аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков баяндады. Оның айтуы бойынша аудандық пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында тәртіп бұзушылық жоқ. Қылмыс атаулы көп жағдайда жұмыссыздықтан орын алатын болса, аудан бойынша 42 есепте тұрғандардың бүгінде 36-сы жұмыспен қамтылған. Ал, қалған 6-н еңбекке орналастыру жөнінде ықпалды шаралар жасалу үстінде.
Екінші мәселе «Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №61 «2018 жылғы жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысымен бекітілген бас бостандығынан айыру орнынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналас­тыру үшін бос жұмыс орындарына белгіленген квотаның орындалу барысы туралы» аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Е.Зұлқарнаев айтып өтті. – 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде барлығы 11 адам хабарласты. Оның ішінде 5-і тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың 1-і ақылы әлеуметтік жұмысқа, 1-і ақылы жастар тәжірибиесіне орналасса, 1-і қысқа мерзімді кәсіби оқуға жіберілді. Сондай-ақ белгіленген квота бойынша 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні аудан әкімдігімен «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес аудандық пробация қызметінің есебіндегі адамдарды әкімдіктен бөлінген квота негізінде жұмысқа орналастыру мәселесі басты назарға қойылып, орындалуы жүзеге асырылуда. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған немесе жазасын өтеу орнынан босатылғандар арасында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп отыр, – деді бас маман.
Басқосуда квотаға байланысты оның орындалуы жұмыс берушіден сұралуы тиіс деген мәселеде көтерілді. Бұл сауалға орай аудан прокуратурасының прокуроры С.Темірханов жауап берді. Оны орындамағандар әкімшілік жазаға тартылатындығын айтты. Жиында ауданның қоғамдық ұйымдарының өкілдері Х.Әбенұлы, Б.Сауытбаев пробациялық қызмет есебінде тұрғандар мен ауданда жасалып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ дегендей, оларды қоғамға бейімдеу, сіңісті ету маңызды екендігін айтты. Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары М.Халыбаева оларға медициналық қызмет көрсетудің түрлері туралы баяндады.
Кездесуден кейін аудандық спорт кешенінде пробациялық қызмет есебінде тұрғандар мен жергілікті спортшыларға ауданның 90 жылдығына орай спорттың үш түрінен: қол күрес, арқан тарту және шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша пробациялық қызмет есебінде тұрғандар жақсы нәтиже көрсетіп, ауыспалы кубок пен арнайы дипломды жеңіп алды.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
28 шілде 2018 ж. 1 093 0