Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ерікті жастар марапатталды

Ерікті жастар марапатталды

«12 тамыз – халықаралық жастар күніне» орай ауданда бірқатар шара өтті.

Төтенше жағдай және карантин кезеңінде еріктіліктің үлгісін көрсетіп жүрген аудан жастары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Оралов жастарды мерекемен құттықтап, 10 жасты марапаттады.

«Жұқпалы инфекциямен күресте жанашыр жандар жан-жақты қолдау көрсетті. Оның ішінде науқастарға еріктілер тарапынан жасалған көмек – бұл індетті еңсеруге айтарлықтай ықпал етті. «Волентерлар жылында» нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жаңа буынның қалыптасқаны қуантады. Сіздің жанқияр жанашырлығыңызды Отанымызға деген сүйіспеншілігіңіз бен биік азаматтық ұстанымыздың көрінісі деп білемін. Елімізде індет жайлаған кезеңде жанкештілік танытып,көмекке мұқтаж жандарға ерікті түрде қол ұшын бергеніңіз үшін зор алғысымды білдіремін!» – делінген аудан әкімінің «Алғыс хатында».

12 тамыз 2020 ж. 726 0