Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан жастары Мақтаарал халқына көмек көрсетті

Аудан жастары Мақтаарал халқына көмек көрсетті

Қасиетті Рамазан айында Сырдария ауданының ерікті жастары су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал өңіріне қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік өнімдерін жөнелтті. Бұл туралы  аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Оралов фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады. 
Сырдария жастары қашанда елінің қай өңірі болмасын тұрғындарына қол ұшын созуға әзір. Бір жұдырық болып жұмылып, келелі істің басынан көрінер жастарымызға алғысым шексіз деген  аудан жастарының көшбасшысы Мақтаарал өңіріне қол ұшын созар қайырымды жандар болса қажетті киім-кешек, азық-түлік, көрпе-төсектерді аудандық Жастар ресурстық орталығына тапсыруға болатындығын, аталған заттар міндетті түрде мұқтаж жандарға жеткізіліп берілетіндігін айтты. 

"ТТ"-ақпарат
06 мамыр 2020 ж. 970 0