Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ерікті елдің ұрпақтары

Ерікті елдің ұрпақтары

Кеше ауданда Волонтер жылының ашылуына орай «Ерікті елдің ұрпақтары» атты салтанатты жиын өтті.
Оған аудан әкімі Руслан Рүстемұлы, облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, кент және ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары мен аудан жастары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшысы Р.Рүстемов құттықтау сөз сөйлеп, жастар мәслихатының депутаттарына куәлік табыс етті. Өз кезегінде сөз алған облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов ауданда Волонтер жылының ашылуымен құттықтап, белсенді жастарға сәттілік тіледі.
Жиын барысында белсенді жастар "Birgemiz" тұжырымдамасының 7 - Жалпыұлттық жобасы бойынша өз жетістіктерімен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттерін таныстырып өтті.
Жалпы, бүгінде ауданда "Birgemiz" тұжырымдамасының Жалпыұлттық жобасы аясында жастармен бірлесе отырып, түрлі шаралар өткізілуде.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Р.Рүстемұлы кент және ауылдық округі әкімдері мен тиісті сала басшыларына және Жастар ресурстық орталығына Сырдария ауданында Волонтер жылын өткізуге байланысты бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді.

"ТТ"-ақпарат
22 ақпан 2020 ж. 1 018 0