Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – ұлттық өнерді дамыту

Басты мақсат – ұлттық өнерді дамыту

Бүгінде зиялы қауым өкілдерінің қолтаңбасы қалған мәде­ниет саласы сан алуан­ бағытта халыққа қызмет көрсету үстінде. Биыл ауданның басқару схемасы бекі­тіліп, мәдениет және спорт бөлімі біріктірілген еді. Жауапкершілігі жоғары қос саланың тізгінің аудандық мәдениет және спорт бөлі­мінің басшысы Жігер Айе­ке­шов ұстаған болатын. Кәсіби ­ме­­ре­кесінде мәдениет саласында атқары­лып жатқан жұ­мыс­тар жөнінде бөлім басшысымен сұқбаттасу сәті түсті.

– Жігер Оңдасынұлы, аудан хал­қы­­на мәдени қызмет көрсететін мә­дениет үйлері мен клубтар, кітап­ха­на­лардың жұмысын үйлестіруде өт­­­­­кен жылы атқарылған жұмыстар ту­­ра­лы айтсаңыз?

– Ақын Аймақ Әбілданың «Ұлт мә­дениеті – рухымыздың темірқазығы, алтын ордасы» деген сөзінің жаны бар. Мә­дениет саласы идеологиялық бағыттың негізгі күретамыры саналады. Ұлттың рухани құндылығын кеңінен көпшілікке на­си­хаттайтын салаға жетекшілік ету мін­деті жүктелгенде зор жауапкершілікті ай­­қын сезіндім. Әрине, мәдениет саласы қызметінің денсаулық, білім, спорт саласы секілді ауқымы кең. Қазіргі уақытта ау­данымызда 34 мәдениет мекемесі жер­гілікті халыққа қызмет көрсетеді. Атап айт­қанда, 16 мәдениет үйі мен клуб, 1 жылжымалы мәдени-демалыс кешені, 17 кітапхана бар. Сонымен қатар аудан кө­лемінде 14 халықтық ұжым жұмыс жасау­­да. Өз кезегінде 2 театр, «Құрақтың Дос­жаны» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, «Садуақасовтар», «Сарыбаевтар» отба­сылық ансамблі, «Ритм» ВАА, «Балауса», «Шаттық», «Сыр гүлі» би ансамблі, ауылдарда әжелер ансамбльдері, «Да­ла дидары» мәдени-үгіт бригадасы және «Көңіл ашар» ойын-сауық ота­­уы халықтың игілігі үшін еңбек етуде. Негі­зінен, ауданның мәдениет саласында барлығы 285 қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылы ауданның мәдениет саласында айтулы жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық мә­дениет үйі жанынан «Этно-рок» ансамблі, Ақжарма ауылдық мәдениет үйі жанынан «Дала дауысы» мәдени-үгіт бригадасы, Қалжан ахун ауылдық клубы жанынан «Домбыра» үйірмесі ашылды. Осы жылы да жаңа үйірмелер өз жұмысын бастағын айта кетейін. Былтыр аудан өнерпаздары 163 халықаралық, республикалық, облыс­тық және аудандық байқауға қатысып, 182 жүлделі орынды иеленді. Сонымен қатар, аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық білім бөлімімен бірлесіп, балалар хор ұжымының және этно-рок группа ансамблінің концерттік бағдарламасы жұртшылыққа ұсынылды. Сонымен қатар аудан бойынша «Сұлу-ай» және «Жадыра» шығармашылық өнер орталықтарының қолдауымен ауданға қа­расты 10 елді мекенде, яғни, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Ақжарма, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетовте 4-17 жас аралығында­ғы балалар мен жасөспірімдерге арналған 41 шығармашылықпен айналысатын үйір­ме ашылды. Сан түрлі үйірмеге 770-ге жуық бала тартылды. Өнерлі балалар эстрадалық вокал, шешендік өнер, прима, бисермен жұмыс, көркем оқу, ұлттық би, сурет салу, домбыра, пернелі аспаптар, оркестр, ансамбль бағыты бойынша өнерге машықтануда.

– Сала жұмысын жетілдіруде ма­те­риалдық базаның жақсы болуы­ның рөлі ерекше. Осыған тоқталып өтсеңіз?

– Әрине, шығармашылық, өнер адамына халық алдына шығу үшін жарасымды, әдемі сахналық киімдер керек. Сондай-ақ астаптардың да сапалы болғаны өнер адамына шабыт береді. Осы ретте, аудандық бюджеттен мәдениет саласын дамытуға өткен жылы қомақты қаржы бөлінді. Оған аудандық мәдениет үйіне музыкалық дыбыс жазу студиясы, «Балауса» халықтық би ансамблінің бишілеріне 24 дана ұлт­тық киім, «Ритм» халықтық вокалды аспапты ансабль мүшелері мен әншілеріне 8 дана, «Шаттық» балалар хор ұжымына 20 дана сахналық костюм алынды. Оған қоса, халық театрының мүшелеріне образ­дық 10 дана киім, этностильдегі ұлттық киімдер және әншілерге арналған сахналық киім­­дер тігілді. Демеушілер және ата-ана­лардың қолда­уымен биші­лерге және көркем өнерпаздарға 63 дана ұлттық және би жанрына қарай түрлі нақышта киімдер тігіліп берілді. Сонымен қатар «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы арқылы Айдарлы және Іңкәрдарияда ашылған домбыра үйірмесі мүшелеріне 20 домбыра, 1 баян аспабы алып берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жүзеге асырылады. Негізі, 2023 жылдан бастап мәдениет үй­лері мен клубтар бойынша ақылы қызмет жоспары 14750,0 мың теңге болып бе­кітілді.

– Сала жұмысына жағдай жасал­ғаннан кейін ауданның мәдениет қыз­­меткерлері мағыналы да мәнді іс-шараларды өткізуі тиіс. Солардың не­гізгілерін атап өтсеңіз?

– Біздің негізгі мақсатымыз – ұлт өне­рін дамытып, сол арқылы тұрғындар­дың мәдениетін жоғарылату. Осы негізде өткен жылы мәдениет үйлері мен клубтар бо­йынша 829 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 107 978 көрерменмен қамтылды. Ел Президенті «2022 жылды – Балалар жылы» деп жариялауына байланысты көптеген іс-шара өткізілді. Онда 25076 бала қамтылды. «Балалар жылына» орай ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары аудан орталығында «Өнерпаз болсаң арқалан» атты кон­церттік бағдарлама, «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай «Жалын» ты­нығу лагерінде және мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерьлерінде демалушы оқушыларға концерттік бағдарламалар ұсынды және 3Д форматында мульфильм­дер топтамасын көрсетті. «Балауса» ха­лықтық би ансамблінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты концерт, З.Ибадуллаевты еске алуға арналған «Бір күні кесірткені міндім ерттеп» атты облыстық жас ақындар айтысы, «Үкілі домбыра» аудандық байқауы өтті. Айдарлы халық театрының ұйымдастыруымен А.Атымтаевтың «Кім патша?» ертегісі желісінде қойылым-концерт және «Біз өмірге құштармыз» атты мүмкіндігі шек­теулі балалар арасында концерт, түрлі тақырыптарда суретшілер байқауы ұйым­дастырылды. Облыстық «Қазақстан-Қы­зылорда» телеарнасымен бірлескен «Жұл­­дызды жұп» телевизиялық жобасы, Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Ақ маңдайлым» атты әншілер байқауы жо­ғарғы дәрежеде өткенін жеткізгім ке­леді. Вокалды аспапты ансамблдерінің қатысуымен «Сыр әуендері» атты облыс­тық байқауы, композитор, Р.Таймановтың әндерін орындаушылардың «Қазақ қызы» атты республикалық ән байқауы, Сыр сүлейі, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуұлының шығармашылығына арналған «Назым сөз­дің шебері» атты облыстық термешілер байқауы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсы­новтың 150 жылдығына арналған «Ғасыр саңлағы» атты облыстық, аудандық мү­шәйра, «Отбасы» күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауы, Ауған соғысы және Чернобыль апаты ардагерлерімен кездесу кеші көрермендердің ыстық ықыласын алған іс-шаралар болып табылады.
Сырдария ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагерлері Ж.Айсиннің және сазгер, аудандық, об­лыстық байқаулардың лауреаты Е.Әдіке­новтың 70 және мәдениет майталманы А.Бақтиярованың 75 жылдығына орай кездесу кештері, Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Кино тарих» атты Отан­дық кинофильмдерден қойылым, «Жан шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында ән байқауы, үш мәрте қайырымдылық концерті, ақын М.Шаха­новтың 80 жылдығына орай «Қайсар рухты ақын» атты аудандық көр­кем сөз оқу шеберлерінің байқауы және жас­тар арасында «Жайдарман» сайыстары, би кештері, басқа да түрлі форматтағы мә­дени іс-шаралар жоғары деңгейде жал­ғасын тапты. Аудан өнерпаздары елді ме­кендегі халықтың, еңбек адамдарының, жастар мен балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында «Өнер тұнған Сырдария» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Өткен жылы сала мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында Айдарлы және Тереңөзек кенті мәдениет үйінде 2 рет «Үйірме – өнерге бастар жол» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Дала дидары» мәдени-үгіт бригадасының дала қостарындағы және қырмандағы диқандар мен егіншілерге «Ел ырысы – ақ күріш» атты концерттік бағ­дарламасы өтті. Осы жылы облыстық деңгейдегі байқауларды ұйымдастыру үс­тіндеміз. Өз кезегінде өнерпаздарымыз рес­публикалық, облыстық байқаулардан жүлделі оралуда.

– Аудан халқының білім көкжиегін кеңейтетін кітапханалар жұмысының қарқыны қандай?

– Ауданда 17 кітапхана жұмыс жасайды. Оның құрамында №1 филиал кітапханасы, 1 балалар кітапханасы және 15 ауылдық кітапхана бар екенін айта кетейін. Жүйеге қарасты кітапханалардың сандық көрсеткіштеріне келетін болсақ, оқырмандар саны – 15 873, кітап берілімі – 271 357, келушілер саны – 171 963. Барлық кітапханада 432 654 кітап қоры бар. Барлығы электронды катологқа ен­гізілген. Есепті кезеңде кітапханаға 513 дана кітап алынды. «Рабис» бағдарламасы бойынша электронды каталогқа 432 405 дана кітап түсірілді. Өткен жылы кітапханаларда 687 түрлі бағытта мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында «Сыр бойы­ның сокралды ескерткіштері», «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұрасы» тағы да басқа дөңгелек үстел, таным сағаты, басқа да мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. «Балалар жылына» орай кітапханаларда «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тағы басқа тақырыптарда кітап көрмелері, ха­лықаралық кітаптар күніне орай «Тапқыр достар» атты зияткерлік сайыс, ертегілерді дауыс­тап оқу, оқырмандар конференциясы, ойын сағаттары өтті. Айта кетейін, орталық кітапхана жанынан балалар үшін «Суретші», «Фантазия», «Шебер қолдар», қыз-келіншектерге арналған «Сырласу» үйір­мелері ашылып, жұмыс жасауда.

– Сала жұмысына аудандағы тарихи ескерткіштерді қорғау да кіреді. Соның жайын да білсек.

– Аудан бойынша 58 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде «Мүлкалан», «Сырлытам», «Асанас», «Қожжан қожа» кесенесі рес­пуб­ликалық маңызға ие. 14 жергілікті ма­ңызы бар және 40 ескерткіш алдын ала тізімге алынған. 58 ескерткіштің 15-і ар­хеологиялық, 43-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді. 2023 жылға бөлім тарапынан алдын ала тізімге алынған 11 тарихи-мәдени ескерткіштерді жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне алу үшін ауылдық округі әкімдеріне бюджеттік өтінім дайындауға арнайы ұсы­ныс хат берілді.

Жалпы, осы сұхбатты пайдалана оты­­рып, әріптестерімді кәсіби мерекемен құт­тықтаймын! Біз ұлттық өнерді дамытуды мақсат еттік. Сол жолда ауданның мә­дениет саласының қызметкерлері еш аянып қалмайтыны анық. Сондықтан алдағы мәдени-рухани жұмыстарымызға тек табыс тілеймін.

– Мазмұнды әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан
Балтабай ОРДАБЕКОВ

23 мамыр 2023 ж. 208 0