Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғамдық сенімнің негізі

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – қоғамдық сенімнің негізі

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімі ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен кәсіби мәдениетіне байланысты. Мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, халыққа сапалы қызмет көрсету және мемлекеттік аппараттың беделін сақтау – бүгінде әр мемлекеттік қызметшіден жоғары жауапкершілік пен этикалық өреде болуды талап етеді. Осы бағытта Қызылорда облысында 2025 жылдың қазан-қараша айларында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан ұйымдастырылып, өңірдегі түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарды, еңбек ұжымдарын және жас­тар аудиториясын қамтыды.

Мәселен, Департамент пен облыс әкімдігінің бірлескен онлайн мәжілісі өткізіліп, жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелердің басшылары, әдеп жөніндегі уәкілдер және кадр қызметі мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызмет­шілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Департамент басшысы Е.Мендалиев мемлекеттік қызметті өткеру талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәсілдері және әдеп талаптарын бұзуға жол бермеудің маңыздылығын түсіндіріп, аймақта орын алған жекелеген бұзу­шылықтарға тоқталды. Ол діни нанымдарды мәж­бүрлеп тануға жол бермеу, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ қызметтік теңдік қағидатын сақтаудың аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, мереке күндері мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдындағы мінез-құлқына ерекше назар аудару қажеттігін айтып, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартып жүрген қызмет­керлерді көтермелеу шараларын қарастыруды ұсын­ды.

Қазан айында облыстағы мем­лекеттік орган­дардың әдеп жөніндегі уәкілдері мен кадр қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылып, қатысушыларға қызметтік әдеп нормаларын ұста­ну, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шек­теулерді сақтау және іскерлік этикеттің рөлі туралы кеңейтілген түсіндірме берілді. Сондай-ақ сауалнамаларды формальды түрде толтырмау, ұжымдағы әділдік пен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыру қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ Департамент тарапынан университет студенттеріне арналған «Ашық есік күні» өткізіліп, жастарға мемлекеттік қызмет жүйесі, жаңа іріктеу тәртібі, мансаптық мүмкіндіктер мен мемлекеттік басқарудың ашықтық қағидаттары таныстырылды. Студенттер облыс әкімдігі ғимаратындағы негіз­гі залдармен танысып, мемлекеттік қызметтің маңыз­дылығы туралы қосымша түсінік алды. Департамент басшысы жастарды ел игілігі жолында қызмет етуге шақырып, болашақ мамандарға сенім артатындығын жеткізді.

Қараша айында да бұл бағыт­тағы жұмыстар тоқтаған жоқ. Облысымыздың жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде өткізілген семинарларда мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез-құлық стандарттары, діни бірлестіктерге мәжбүрлеп қатыс­тыруға жол бермеу, құмар ойындарға бару шектеулері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың қазан-қараша айлары аралығында өткізілген іс-шараларда мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауат­тылығын арттыруға, әдеп нормаларын терең меңгеруіне, кәсіби мінез-құлық мәдениетін нығайтуға және сыбайлас жем­қорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталды. Бұл кешенді жұмыстар мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етіп, қызметшілердің өзіне де, жалпы мемлекеттік аппаратқа да деген қоғамдық сенімнің артуына үлес қосады. Мемлекеттік қызметші үшін адалдық пен әділдікке негізделген қызмет мәдениетін қалыптастыру – қоғам алдындағы ең маңызды міндет­тердің бірі екені айқын.


Т.НУРТАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызметтік
қызмет істері агенттігі
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы
06 желтоқсан 2025 ж. 292 0