Мәдениет үйлеріне бөлінетін қаржы 10 есеге артты
Қоғамдық сананы қалыптастыруға мәдениет саласы ерекше ықпал етеді. Сондықтан быилдан бастап ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарға мәдени шараларды ұйымдастыруға 500,0 мың теңгеден бөлінбек. Бұл былтырғыдан 10 есеге артық.
«Мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2019 жылы жергілікті бюджеттен 19,4 млн. теңге қаржы бөлініп, Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйіне сахна пердесі, аудандық мәдениет үйіне сахналық костюмдер, Аманкелді ауылдық мәдениет үйіне лэд экран және түрлі-түсті сахна жарықтары, Бесарық ауылдық мәдениет үйіне лэд экран, Қоғалыкөл ауылдық клубына 12 дана өнерпаздарға сахналық костюмдер алынды.
Сондай-ақ, 2,4 млн. теңге қаржыға мәдениет үйлері мен клубтарына 8 дана компьютер, Айдарлы ауылдық клубына демеушілік есебінен 2,1 млн. теңге қаржыға музыкалық аппаратура алынды. 2019 жылы әрбір мәдениет үйлері мен клубтарға мәдени шараларды ұйымдастыруға 50 мың теңгеден бөлінсе, 2020 жылы 500,0 мың теңгеден бөлінбек. Бұл былтырғыдан 10 есе артық. Сондай-ақ, аудандық кітапханаға кітап сатып алуға 500,0 мың теңге қаржы бөлінді» деді аудан әкімі.
Айта кету керк, өткен жылы аудан өнерпаздары 42 халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға қатысып, 29 бас жүлде және 68 жүлделі орындарды иеленген.