Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » «Бақ – нұр бөбек»: бүлдіршіндер республикалық байқауда топ жарды

«Бақ – нұр бөбек»: бүлдіршіндер республикалық байқауда топ жарды

Бірер күн бұрын «Бақ – Нұр бөбек» жеке балабақшасының тәрбиеленушілері республикалық «Ұлы Дала ұрпағы» және «Біздің таланттар» байқауына қатысып, бас жүлде, І орын иегері атанып келген еді. Жеңісті ұландардың жарқын жетістігін жоғары бағалаған «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы жеңімпаз балалармен, олардың жетекшілерімен кездесіп, құрмет көрсетті.

– Құрметті балалар, сіздер – елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұлансыздар. Біз сіздерге сене­міз, әрбір жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз. Тереңөзек кентіндегі «Бақ – Нұр бөбек» жеке бала­бақшасының құрылтайшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі Ақтоты Асылбекқызынан сіздердің Қызылорда, Түркістан қаласында өткен республикалық «Ұлы Дала ұрпағы» және «Біздің таланттар» байқауына қатысып, бас жүлде, І орын иегері атанып келгендеріңізді естідім. Бұл – ауданымыз үшін үлкен абырой, ортақ жетістік. Республикалық байқауға жүзден аса балалар қатысқанын, солардың арасынан топ жарып, бас жүлде иеленгендеріңіз мақтауға да, мақтануға да тұрарлық жетістік. Ең алдымен, сіздердің ата-аналарыңызға, же­тек­шілеріңізге шынайы ризашылығымды біл­діремін. Алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беріңіздер. Сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында тың бастамаларға иек артып, жақсы жобаларды жүзеге асырып жатқан «Бақ – Нұр бөбек» жеке балабақшасының ұжымына шығармашылық сәттілік пен өрлеу тілеймін, – деді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Өз кезегінде «Бақ – Нұр бөбек» жеке бала­­бақшасының құрылтайшысы Ақтоты Асылбекқызы атқарып жатқан жұмысы, бала­бақшаның тыныс-тіршілігі туралы айтты. Сон­дай-ақ республикалық «Ұлы Дала ұрпағы», «Біздің таланттар» байқауына балабақша тәрбиеленушілері белсенділікпен қатысып, ұжымның абыройын асқақтатқанын атап өтті. Қабылдау барысында балалар ән айтып, көр­кемсөз оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Басқосуда «Бақ – Нұр бөбек» жеке бала­бақшасының тәрбиешілері, білікті мамандар Шынар Жансейтова мен Ақкенже Кенжесарыға арнайы Алғыс хат табысталды.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

06 желтоқсан 2025 ж. 494 0