Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері!
Қадірлі өнерсүйер қауым!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне зор үлес қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихымызды насихаттау, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында еңбек етіп жүрген мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше. Сала мамандары әркез елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап келеді. Сол үшін де өнерлі, ерекше дарын иелеріне айтар алғысымыз шексіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Біз XXI ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз» деген сөздері мәдениет қызметкерлерінің бағдаршамы іспетті. Осы бағытта аянбай қызмет етіп жүрген ауданның мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің еңбегі ұшан-теңіз.

Бүгінгі күні аудан халқына 34 мәдениет мекемесі қызмет көрсетеді, оларда 286 мәдениет қызметкері еңбек етуде. Сырдариялық мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ерекше таланты ауданның дамуына игі ықпалын тигізуде. Бұл ретте, ауданның мәдениет саласының дамуына үлес қосқан сала ардагерлеріне де құрмет мол.

Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, шығармашылық жаңа ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілеймін! Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Құрметпен,
Талғат Дүйсебаев,
Сырдария ауданының әкімі
21 мамыр 2021 ж. 1 005 0